ЖАҢАТАЛАПТАҒЫ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ

ЖАҢАТАЛАПТАҒЫ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ
Өткен жұма күні Сарысу ауданының 95 жылдығына арналған «Саялы өлкем – Сарысуым» атты мәдениет және өнер фесивалі Жаңаталап ауылдық округінде өтті.
Әнмен әрленіп, күймен күмбірлеген шарада ауыл өнерпаздары өз өнерлерін паш етті.
Ауылдың күміс көмей әншісі Г.Қойлыбекова "Туған жер","Асыл аналар" ансамблі халық әні "Гүл гүл жайна", Ж.Тұрғынбек "Жақсы адамдарым", Д.Әбдіғалиев"Алға Қазақстан", А.Дайыр "Бұлбұл ай", Ә. Базар "Сенесің бе", М.Оспанова Мерекем", Қ.Тұрғанбаев "Алматының аруы" әндерін шырқаса, күйшілер күмбірлете күй шертіп көпшілікті бір жігерлендіріп тастады.
Ауыл жастары түрлі ұлттың ұлттық әуендеріне мың бұрала биледі.
Ауыл тұрғындарына түрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, жарыс жеңімпаздары марапатталды.
Өнерпаздардың өнерімен өрілген өнер фестивалін аудан басшысы Сәкен Мамытов және аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, мекеме басшылары ауыл тұрғындарымен бірге тамашалады.
Сарысу ауданы әкімдігі
28.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14285
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14218
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29364
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28001
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31532