Қаратау қойнауындағы Жаңатас қаласы бүгінде керегесін жайып, жыл өткен сайын жаңарып, жақсарып келеді.
Бүгінде Жаңатас қаласының даму жоспарына сәйкес, бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда. 2023 жылдың 12 айында қала әлеуетін дамытуға байланысты бірқатар жобалар жүзеге асты.
Жаңатас қаласы әкімі аппараты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заң талаптарына сәйкес, Жаңатас қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту жолында жұмыстар жасайды.
Жаңатас қаласы Жамбыл облысы бойынша моноқалалар тізіміне енгізілген.
Қазіргі таңда қала халқының саны 25663 адамды құрайды. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық – 10172 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4 %-ды құрап отыр.
Қаланың экономикалық әлеуметтік дамуы халық саны мен жұмыс орындарының санына тікелей әсер етеді. Қала экономикасының қарқынды дамуы негізінен қала құраушы кәсіпорын «Казфосфат ГПК» ЖШС-не, «Еврохим» компаниясына, сондай-ақ қаладағы өңдеу өнеркәсіптерінің тұрақты жұмыс істеуімен тікелей байланысты.
Өндіріс ошақтары мен өндіріс көлемі үлкейген сайын, инфрақұрылым жүргізу (газ, жол, су, электр және т.б.) мүмкіндіктері көбейіп келеді.
Бүгінгі күнге 5 ірі өңдеу өнеркәсібі («Еврохим» ЖШС, «Қазфосфат» ТКӨК, «Жарас» мұнай өңдеу зауыты, «Асыл тұз» соляная компания» ЖШС, «Тараз көлік жолы» асфальт өндіру зауыты) тұрақты түрде жұмыс істеп келуде. 2023 жылдың 12 айында өндірілген өндіріс көлемі (аудан бойынша) 93 194,5 млн.тенгені құрады. (2022 ж. – 76 416,8 млн.тенге).
Қала аумағында 27 бюджеттік жоба іске асырылып, оның ішінде бір қатар нысандардың жөндеу жұмыстары атқарылды. Атап айтқанда:
26 млн 119 мың теңгеге Мұқанов көшесіндегі тротуар ағымдағы жөндеуден өтсе, 56 млн 672 мың теңгеге 3 шағын ауданда волейбол және балалар алаңшасы орнатылды. 7 млн 804,3 мың теңгеге Абылайхан, Абай, Әуезов мектеп ғимараттарының алдындағы автотұрақтары ағымдағы жөндеуден өтіп, 7 млн 461,0 мың теңгеге көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары мен жертөлелері дәріленді. Сондай-ақ, 4,0 млн теңгеге Жібек жолы көшесі бойында автотұрақ орнатылып, 1,0 млн 380 мың теңгеге «Ұрпақтар» аллеясының қоршауы жөнделді. 9 млн 777 мың теңгеге қаланың орталық көшелеріне, атап айтқанда, Әулие ата, Жібек жолы, Бейбітшілік көшелеріне газон егілді. 2 млн 197 мың теңгеге Жібек жолы көшесі бойына демалушыларға арналған орындықтар қойылды. 2 млн 222 мың теңгеге Әулие ата көшесіне автотұрақ орнатылды. 10 млн 550 мың теңгеге ЛЭД экран орнатылды. «НұрЕл-Ырыс» жеке кәсіпкері 7 млн 500 мың теңге өз қаржы есебінен Жібек Жолы мен Бейбітшілік көшелерінің қиылысына ЛЭД экрандар орнатты. Орталық алаңға 25 млн теңгеге демеушілер есебінен мәдени және көпщілік шараларға арналған заманауи сахна орнатылды. 9 млн 580 мың теңгеге қаланың күтіп ұстау жолдарына, оның ішінде жол ережелеріне сәйкес жолдарға сызба салынды және жол белгілері орнатылды. (разметка дорог). Сондай-ақ, 21 млн 404,6 мың теңгеге қоқыс алаңшаларының ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 29 млн 637 мың теңгеге Амангелді көшесінен орталық қазандыққа баратын 1,050 м жолға орта жөндеу жұмыстары атқарылды.
Өткен жылы 1995 қала тұрғыны жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Оның ішінде 1300 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмыстарға 630 адам тартылса, кәсіби оқытуға 65 адам жолданған.
Қаңтар-желтоқсан айларында қаладағы 265 отбасыдағы 1269 адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, 78 отбасыға (267 адам) 2 млн 029 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді. Демеушілердің есебінен 320 отбасына 5,0 млн. теңгеден аса әлеуметтік қолдаулар көрсетілді. (азық түлік себет, аз қамтылған отбасылардың балаларына киім-кешек, оқу құрал жабдықтары т.б.).
Бүгінде қаламызда 12 білім нысандары мен 3 спорт мектептері орналасқан. 52 спорт нысандары тәулік бойы қала тұрғындарына қол жетімді.
Өткен жылы Жаңатас қаласында 470 мәдени іс-шара өткізіліп, 47 мыңға жуық тұрғындар қамтылды.
Қаламызды абаттандыру, тазалығын қамтамасыз ету - біздің басты мақсатымыз. Көктемгі және күзгі екі айлық тазалық жұмыстарының барысында қала көлемінде 10,2 шақырым арықтар тазаланып, шамамен 190 тонна күл-қоқыстар шығарылды. Демалыс орындары мен саябақтарға 5 300 түп тал мен 4 800 дана гүл көшеттері отырғызылды.
Бүгінде қала тазалығына 7 арнайы техника, 95 ақылы қоғамдық жұмысшы жұмылдырылған.
«Мейірім жобасы» шеңберінде қаладағы 35 балаға (әке-шешесінің қамқорлығынсыз қалған) 1,6 млн. теңгеге қолдау көрсетілді.
Биылғы жылы да ауқымды жұмыстарды жоспарлап отырмыз.
Атап айтқанда, балалар саябағын абаттандыру, Д. Қонаев саябағын салу, Орталық алаңды абаттандыру, фонтан орнату, 1,3 шағын аудандардағы үйлердің қасбетін сырлау, 5 жерге стритфоркаут алаңшаларын орнату, қаладағы тротуарларға ағымдағы жөндеу жүргізу, 12 көпқабатты тұрғын үйлерге жаңғырту бағдарламасы арқылы жөндеулер жүргізу, газ жинақтау станциясын салу, көшелерге бейнекамералар орнату, көшелерді жарықтандыру, Абай орта мектебіне жөндеу жұмыстарын жүргізу, 2 модульдік стационарлық полиция бекетін орнату, өрт сөндіру пристерін салу, «Сирена» құрылғыларын орнату, Қонаев атындағы орта мектептің қазандығын табиғи газға көшіру арқылы реконструкциялау, Жолдарды күтіп ұстау, оның ішінде жолақтарды жаңарту, жол белгілерін және жасанды жол кедергілерін орнату сияқты жұмыстар бар.
Біздің мақсатымыз - елмен тығыз араласу, халыққа мемлекеттік қолдауларды кеңінен жеткізіп, өзекті мәселелерді шешу жөнінде тиісті шаралар қабылдау болып табылады.
Биыл Жаңатас қаласының құрылғанына 55 жыл толады. Кеншілер қаласы Жаңатас өзінің мерейтойын атап өтетін болады. Жыл басынан айтулы мерейтойды атап өтуге арналған іс-шаралар жоспары жасалынған. Биылғы жылы қаламыздағы өткізілетін көптеген мәдени, рухани, көпшілік шаралар осы мерейтой аясында өткізілетін болады.
Ағымдағы жылдағы жұмысымыз тазалақтан басталуда. Аудан әкімдігінің 2024 жылдың 26 ақпанындағы №122 қаулысына сәйкес 2 наурыз бен 18 мамыр аралығында аудан көлемінде абаттандыру және сыртқы безендіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі көкмтемгі екі айлық тазалық жұмыстары жарияланған. Осыған байланысты, 2 наурыздан бастап, сенбілік жұмыстарына шығып, атсалысуға шақырамын.