Заңды тұлғалар цифрлық сенімхат бере алатын болды

Заңды тұлғалар цифрлық сенімхат бере алатын болды

Бұдан былай заңды тұлғалар цифрлық сенімхатты электрондық үкімет порталынан бере алатын болды. Аталған жаңалықты ЦДИАӨМ баспасөз қызметі хабарлады. 

«EGov Business» мобильді қосымшасында заңды тұлғаның цифрлық сенімхатын ресімдеуге арналған сервис қолжетімді. Бұл қызмет ұйым басшыларына өз қызметкерлеріне сенімхат беру процесін едәуір жеңілдетеді және жеделдетеді. Бұған дейін заңды тұлғалардың басшылары сенімхаттарды тек қағаз түрінде ресімдеген, бұл көлік шығындары мен кеңсе тауарларына белгілі бір уақыт пен қаржылық шығындарды талап еткен, сондай-ақ мұндай сенімхаттардың заңдылығын тексеру мүмкіндігі болмаған. Енді заңды тұлғалардың басшылары ЭЦҚ-ға қол қою арқылы өз қызметкерлеріне онлайн форматта сенімхаттарды оңай және қауіпсіз бере алады, бұл ұйым ішіндегі өзара іс-қимылды одан да тиімді, ашық және ыңғайлы етеді», – делінген таратылған ақпаратта.

Цифрлық сенімхат сервисі қазіргі таңда электрондық үкіметті дамытып отырған АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Германия, Австралия, Жапония, Сингапур, Қытай қатарлы біраз елдерде қолданылып отыр. Электрондық қолтаңба және цифрлық сертификат жүйелерін құру арқылы бұл елдер сенімхатқа қол қою және сертификаттау бойынша ыңғайлы онлайн қызметтерін ұсынуды қолданысқа енгізіп үлгерді. Бұл сенімхат қызметін тиімді әрі қауіпсіз жүргізуге септігін тигізіп отыр.

Жоғарыда аталған елдердің тәжірибелеріне негізделген мамандар бұл қызмет түрінің артықшылығы мен кемшіліктеріне тоқталып өткен. Оның тиімді тұстары ыңғайлы әрі жылдам болуында дейді мамандар. Бұдан кейінгі артықшылығы қоршаған ортаны қорғау және сақтау жағында көрініс табады. Мұнда қағазды тұтынуды азайту, экологияны жақсартуға белгілі деңгейде ықпал етеді деп бағаланыпты. Бұдан кейінгі артықшылығы Жоғары қауіпсіздік жағында болса керек. Мұнда электрондық қолтаңба және шифрлау технологиясының көмегімен рұқсат хат мазмұнының қауіпсіздігі мен тұтастығы қамтамасыз етіледі. Цифрлық сенімхаттың тағы бір тиімділігі ыңғайлы басқару жағында көрініс табады екен. Яғни рұқсат беру хаттарын басқару мен іздеуді жеңілдету үшін электронды мұрағат құруға болады.

Шетелдік мамандар сервистің бұл түрінің кемшіліктерін мынадай бірнеше түйінге жинақтаған екен. 

1. Қауіпсіздік тәуекелдері: Сенімхат туралы ақпаратының ұрлануына немесе бұрмалануына әкелуі мүмкін, кибершабуылдардың салдарынан ақпараттың қолды болу қаупі бар.

2. Техникалық талаптар: Екі тараптың да электронды қолтаңба мен цифрлық сертификаттарды, сенімхаттарды пайдалануда белгілі бір дағдылары болуы керек, бұл қарт адамдарға немесе электронды технологиямен таныс емес адамдарға ыңғайсыз болуы мүмкін.

3. Құқықтық тану: Кейбір елдерде немесе аймақтарда электрондық қолтаңбаны заңды түрде танудың әртүрлі деңгейлері бар және заңды тәуекелдер болуы мүмкін.

4. Дауларды қарау: Интернетте қол қойылған сенімхат дауларды тудыруы мүмкін болса, қол қоюшының шынайы ниетін дәлелдеу қиынырақ болады.

 

Мұнда көрсетілген кейбір тармақтар туралы Қазақстанның жағдайында алаңдауға негіз жоқ дер едік. Себебі электрондық үкімет порталындағы қауіпсіздік пен өзге де киберқауіпсіздік мәселелері біздің елімізде жақсы сақталғандығын ескерген жөн.

Ерқазы Сейтқали
19.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 244
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 314
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 267
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 303

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4132
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3561
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 5776
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4536
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 5721