ЖАПОНИЯ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ИНВЕСТИЦИЯ САЛУ ЖӨНІНДЕ ҰСЫНЫС БЕРІЛДІ

ЖАПОНИЯ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ИНВЕСТИЦИЯ САЛУ ЖӨНІНДЕ ҰСЫНЫС БЕРІЛДІ
Түркістанға Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямада келді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәртебелі мейманмен кездесіп, екіжақты байланыстарды нығайту жөнінде ой қозғады. Түркістанның тарихымен, қазіргі жағдайымен таныстырып, өңірге түрлі сала бойынша инвестиция тартуға шақырды. 
 
– Түркістанға қош келдіңіз. Қасиетті шаһарда түркі әлеміне танымал тұлға Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі бар.  Шаһарда қазақтың 21 ханы, көптеген билері мен сұлтандары мәңгі қоныс тапқан. Түркі әлемінің орталығы туризмге өте қолайлы. Өңіріміздің, Түркістанның тарихы жапон саяхатшыларын қызықтырады деп ойлаймын. Жапония азаматтарын саяхаттауға шақырамын. Бүгінгі кездесу екіжақты байланыстарды нығайтуға оң серпін береді деп сенемін. Сіздерге білім, кәсіпкерлік және өзге салаларда әріптестік орнатуды ұсынамыз. Арнайы экономикалық аймақта өндірісті дамытуға жағдай жасалған. Инвесторларға қолдау көрсетіледі.  Жапония мемлекеті мен Түркістан облысы арасында сауда-экономикалық, инвестициялық әріптестік орнату тиімді боларына сенімдімін,  – деді Дархан Сатыбалды. 
 Жапония елшісі екі мемлекет арасындағы достық байланыс өте жоғары деңгейде екеніне тоқталды.  
 – Арнайы қарсы алғаныңызға алғысымды білдіремін.  Астанадағы елшілер, әріптестердің көбі Түркістанды аралап үлгерді.  Мен сәл кештеу кеп тұрмын. Қала ұнады. Сәулет өнеріндегі озық үлгілер қолданылған екен.  Инвестиция салу,  ІТ университет ашу жөніндегі ұсыныстарыңызды еліміздегі бизнес өкілдері мен білім саласындағы азаматтарға жеткіземін.  Әріптестікті нығайтуға күш саламын, – деді елші.
Оның айтуынша, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұрынғы КСРО аумағына 560 мыңнан астам жапон азаматы жер аударылған. Оның біразы қаза тапқан.  Жапония мемлекеті ұзақ жылдардан бері жат елде қалып қойған отандастарының зиратын тауып, сүйектерін туған еліне қайтаруда.  Түркістан облысында да жапониялық тұтқындардың жерленгені туралы деректер бар. 
 Түркістанға Жапония делегациясы құрамында келген Денсаулық сақтау,  еңбек министрлігінің және соғыста қаза тапқан жапон әскерлерін іздеумен айналысатын қауымдастық өкілдері  Кентау қаласында зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр. Архив құжаттары мен деректерге сүйеніп, жапониялықтар жерленген зираттарды анықтамақ. 
 Кездесуде осы мәселе де талқыланды. Қос тарап гуманитарлық бағытта да байланысты нығайтуға уағдаласып,  естелік сыйлықтар алмасты. 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
23.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 183
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 180
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 294
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 292
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 508
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 465

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9165
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8563
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11791
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9559
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10771