Конституция күні қарсаңында аудан орталығында ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ауылдық округтегі шаруа қожалық пен кәсіпкерлердің өнімдері тұрғындарға ұсынылды.
Жәрмеңкені аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы мен аралап, өнім бағаларына назар аударды.
Тұрғындар қажетті өнімдерді сатып алып, жәрмекедегі бағаның арзан екеніне көз жеткізді.
Жәрмеңке күні бойы жалғасын табатын болады.
Өнімдерге келер болсақ, сөрелерде 3000 дана жұмыртқа, 200 келі сиыр еті, 160 келі қой еті, 250 келі тауық еті, сүт, айран 120 литр, сүт өнімдері 120 келі, 90 литр қымыз, 200 келі балл, пияз 2300 келі, сәбіз 500 келі, 2200 келі картоп,200 келі қырыққабат, 350 келі тәтті бұрыш, 1350 келі қияр, 1300 келі қызанақ, 200 келі сарымсақ, 800 келі алма, 500 келі қауын, 3500 келі қарбыз және басқада өнімдер саудаланды.