Жарықшам кесенені жарқырата түсті

Жарықшам кесенені жарқырата түсті

Кешегі аптада қалың көпшілік әлеуметтік желілер, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Түркістан қаласынан жеткен жағымды жаңалықтармен жарыса бөлісті. Соның негізгілерінің бірі – Қожа Ахмет Ясауидың құрметіне тұрғызылған кесене маңының жарықтандырылуы болды. Бұл жұмыс арнайы жоба аясында жүргізіліп, ел назарына ұсынылды. Тарихи ескерткішті жарықтандыру үшін 1200 метр электр сым қолданылып, 229 түрлі-түсті шам салтанатты түрде жағылды. 

Тарихи ескерткіштерге, оның айналасына жүргізілетін әрбір жұмыс алдымен терең зерттеліп, зерделенеді. Нысанға зақымы болмаса ғана рұқсат етіледі. Талап сондай. Кесенені жарықтандыру мәселесі де осындай талаптар ескерусіз қалған жоқ. Бірегей жобаны жүзеге асыру кезінде тарихи ескерткіштің әрбір бөлшегін сақтау талап етілді. Кесене маңын жарықтандыру жобасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, «Қазқайтажаңарту» РМК сараптамалық қорытындысымен, археологтарының ұсыныстары ескеріле отырып жүзеге асырылған.

Шамды жағуға арналған салтанатты іс-шараға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өзі қатысты. Әйгілі зиярат ету орындарындағы жарықтандыру тәжірибесі туралы айтқан әкім жұртшылықты құттықтады. «Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи Жарлығы Түркістанның жаңа тынысын ашты. Шаһар жаңа кейіпке еніп келеді. Сол игі істің біріне куә болып тұрмыз. Зиярат ету орындарын жарықтандыру тәжірибесі Меккедегі Қағбада, Ыстамбұлдағы Айя София мешітінде және Самарқандағы Регистанда бұрыннан қолданылып келеді. Біз осы тарихи орындардың үлгісін пайдалануды жөн көрдік. Күллі түркі жұрты арнайы келіп, тәу етер орынға жарық беру жұмыстарының аяқталуына орай оңтүстіктің күзгі туристік маусымын ашық деп жариялаймыз. Туризм саласын үздіксіз дамыту арқылы біз 2025 жылы туристер ағыны мен келушілер санын 2 жарым миллион адамға арттыруды жоспарлап отырмыз. Осылайша шамшырағы қайта жанған шаһардың жаңа мыңжылдықтағы шежіресі қайта жазылуда», – деді Өмірзақ Естайұлы.

Арнайы жобаның техникалық директоры Бағила Исакованың айтуынша, мамандар жобаға кіріспес бұрын Ясcауи кесенесіне ұқсас әлемдегі әйгілі тарихи мұражайларда зерттеу және талдау жұмыстарын жүргізген. «Біз құзырлы мекемелердің бақылауымен, арнайы сараптама қорытындысымен жұмыс жүргіздік. Шамдар кесененің айналасына, шатырына сапалы қондырғылардың көмегімен орнатылды. Жұмыс барысында ешбір кірпішке зақым келген жоқ. Өйткені жарық қосымша орнатылған қондырғының көмегімен жалғанды», – дейді жоба жетекшісі.

Мамандардың айтуынша, оптика мен жарық сипаттамаларының өзгеруі кезінде эпиграфиканың әртүрлі элементтері, яғни кесене қабырғаларындағы каллиграфиялық жазулар көрінеді. Кесененің дәл осы таңғажайып көрінісі жарықтандырудың ең негізгі ерекшелігіне айналмақ. Бұл жаңалық қазірдің өзінде жергілікті тұрғындар мен қонақтардың көңілінен шығып үлгерді. Бұйыртса, жарқыраған кесенені көруге еліміздің түкпір-түкпірінен және шет мемлекеттен саяхатшылар ағылып келіп, жарыса тамашалайды деген сенім мен үміт бар.

Түркістандықтардың жанын жадыратқан жаңалықтардың тағы бірі

– Түркістан қаласын абаттандыруға тікелей байланысты болды. Құрылғанына үш жылдан асқан облыстың жаңа орталығы осы мерзім ішінде көп өзгерістерді бастан өткерді. Әсіресе қаланы абаттандыру, жасыл желекке айналдыру ісі өте қарқынды жүргізілді. Нәтижесінде облыс орталығы әлеуметтік-экономикалық және архитектуралық орталыққа ғана емес, жасыл желек жайқалған, экологиясы жақсарған шаһарға айналуда. 

Көгалдандыру жұмыстары әлі де тоқтаусыз жалғасып келеді. Тарқатып айтар болсақ, Түркістанда жергілікті климатқа тез бейімделетін көшеттер мен көпжылдық шөптер, гүлдер, гүлдейтін шөптерді өсіруге айрықша мән берілген. «Атап айтқанда, шаһарда көлеңке беретін әрі тез өсетін қарағай мен акация ағаштары, үлкен жапырақты шегіршін, үйеңкі отырғызылды. Түркістан қаласының «Жасыл белдеуінде» жеміс ағаштары да өсірілуде. Бұл жұмыстарға агрономдар, мамандар, кәсіпкерлер, қала тұрғындары атсалысуда. Осы ретте қаланы 32 секторға бөліп, аудан, қала әкімдіктері мен басқармаларды жауапты етіп, жұмысты жүйелеу өз жемісін беруде. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев әр секторды аралап, қаланың абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын тұрақты түрде тексеріп тұрады. Барлық секторда жұмыс қарқыны жоғары. Қала күн сайын қоқыстан тазартылып, гүлзарлар, саябақтар жайнай түскен. Аяқжолдар мен веложолдар, субұрқақтар ел игілігіне берілді. Қала аумағындағы жасыл аумақтарға су жүйесі жүргізіліп, тұрақты түрде суарылып жатыр. Жасыл желектерді күнделікті суару үшін қала аумағына гидранттық жүйе жүргізілген. Бүгінде 32 секторда үш кезеңмен жұмыс жүргізіліп, 1600 гектар жерге 60 мыңнан астам көшет егілген. Қалада сенбіліктер өткізу, тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыру бағытындағы іс-шаралар дәстүрге айналған», – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Иә, бүгінде қаладағы оңды өзгерістерге қонақтар ғана емес, жергілікті тұрғындар да дән риза. Солардың бірі Әшім Алдабергенов өз ойын былайша жеткізеді: «Бұрынғыға қарағанда қалада көп өзгеріс болып жатыр. Көгалдандыру, тазалық, абаттандыру жұмыстары өте жақсы. Облыс болғалы осындай жақсылықтарға куә болудамыз. Бұрын бұл «Жасыл белдеу» мен жаңа шағынауданның орны дала-тұғын. Даланы көркейтіп, жағдай жасап жатқан үкіметке рахмет!».

Еске сала кетсек, ел Үкіметі биыл Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын мақұлдады. Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Түркістан қаласын дамытудың 1 кезеңі аяқталып, негізгі әлеуметтік инфрақұрылымы қаланған. 123 нысанның құрылысы аяқталды. Түркістан қаласын дамытудың ІІ кезеңі аясында 109 жоба іске асырылады. Бұл мақсатқа 1,3 трлн теңге инвестиция бағытталмақ. 

Ш.МОЛДАБЕК
01.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 70
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 72
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 176
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 176
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 317
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 318
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 540
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 488

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9191
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8589
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11817
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9586
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10800