Жас домбырашылар байқауы өтті

Жас домбырашылар байқауы өтті
 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялап, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, Үкіметке нақты тапсырма берген еді.

Осы орайда Тараз қалалық ата-аналар комитеті төрайымының ұйымдастыруымен №3 мектеп-лицейінде Балалар жылы қарсаңында «Домбыра – бабалар мұрасы» қалалық жас домбырашылар байқауы ұйымдастырылды.

Өскелең ұрпақты жаһандық бәсекеге қабілетті тұлға ретінде ғана емес, өз тарихын, өткені мен бүгінін ұлықтайтын азамат ретінде тәрбиелеу басты парыз. Байқаудың мақсаты – күйшілік өнерді өскелең ұрпаққа, өнерсүйер жұртшылыққа кеңінен дәріптеу, жас таланттар мен шебер орындаушыларды табу, дарынды өнерпаздардың кәсіби шеберліктерін арттыру, музыкалық өнер саласында дарынды оқушыларды анықтау, музыкалық шеберлікті арттыру, жас музыканттардың шығармашылық әлеуетін дамыту және балалар мен жасөспірімдерді эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдай жасау, сонымен қатар елдегі ұлттық мәдениеттің дамуын өзектендіру, отандық мәдениеттің үздік үлгілерін насихаттау.

Жас домбырашылар байқауына ардагер журналист Гульнара Есмаханова, ақын әрі журналист Ғайни Әлімбекқызы, Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясы Қазақ оркестрінің күйшісі, Республикалық домбырашылар одағының облыс бойынша төрағасы Дидар Басықараев, облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы Ринат Даниярұлы, Тараз қаласы білім бөлімінің ата-аналар комитетінің төрайымы Ғалия Рысбаева төрелік етті.

Жүзден жүйрік шығып, о з а шапқандар «Үздік күйші», «Үздік термеші», «Үздік дәстүрлі әнші», «Үздік орке стр», «Жас күйші», «Көрермен көзайымы», «Құрманғазы атындағы жүлде», «Кенен Әзірбаев атындағы жүлде», «Үздік жетекші» номинацияларымен марапатталды.

Рухани іс-шараға Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Раушан Пернешқызы және Тараз қаласының білім бөлімі басшысының орынбасары Дүрия Құрмашқызы қатысып, демеушілік жасағанын, өнерпаз балаларды марапаттағандығын айта кеткен жөн.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ, журналист
31.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 242
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 378
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 375
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 607
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 549

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9252
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8648
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11875
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9646
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10857