ЖАС КЕЛСЕ ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ ІСКЕ
Аудан орталығы Мойынқұм ауылының көшелерінен соңғы уақыттарда көзге жағымды дүниелер байқалады. Мысалы жарқыраған жол белгілері, жол бетіндегі жолақтар, тазартылып жатқан белгіленбеген қоқыс орындары, безендіріліп жатқан аялдамалар, орталық алаңда желбіреп тұрған Ту сияқты игі істерді әркім байқап жүрген шығар.
Осы көріністердің орындалуынан да хабардар болайын деп ауыл әкімдігіне барып, ауылымыздың жаңа, жас әкімі Рүстем Тұрарқұлмен тілдесіп қайттым.
- Рүстем Бәкенұлы жері кең, аудан орталығындағы ауылды басқару оңай шаруа емес. Осының бәрін біле тұра әкімдікке кандидат болу туралы шешімге қалай келдіңіз.
- Мен ауыл көшелерімен өтіп бара жатып атқарылып жатқан әрбір іске мән беріп, егер осыны мен істесем «былай» жасайтын едім деген ойға салатынмын. Сол оймен жүргенде ауылымыздың әкімі лауазымы бос қалып, сайлау ұйымдастырылды. Сол сайлауда туған жеріме еңбегімді сіңірсем, деген оймен өзімнің кандидатурамды ұсынып, ауылдастарымның қолдауының арқасында әкім болып сайландым.
- Ауылда атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтып өтсеңіз.
- Ауыл көшелерінің бойына қойылып жатқан жол белгілері, төселіп жатқан асфальттар, жол бетіне салынып жатқан жолақтар мен сайланғанға дейін әлдеқайда басталып кеткен жұмыстар. Асфальт төсеу жұмыстарының аяқталуынан кейін аудандық бюджеттен қарастырылған 2987000 теңгені игеріп, көшелердің бойына жолақтар мен жол белгілерін орнату жұмысын жүргіздік.
Бұрыннан бері әр жерден көзге түсіп жүретін белгіленбеген қоқыс төгу орындарын тазарту үшін олардың санын анықтадық, ауыл төңірегінде осындай белгіленбеген 50-ге жуық қоқыс төгу орындары анықталып, арнайы қоқыс төгу орнына тасымалданды, жалпы ауылдың кіре берісінен бастап Радай көпірі, ауылдың батысынан кіре беріс жағындағы «Қараағаш» аталып кеткен аумақтан 4500 тонна күл-қоқыс шығарылды.
Орталық алаңдағы тудың ұштығы шар тәрізді формаға ауыстырылып, жаңа ту орнатылды. Бұрын ұштығының үшкірлігінен жел тұрған сайын жыртылып қалатын еді.
Ауыл жастарының демеушілігімен аялдамаларға тарихи тұлғалардың өсиет сөздері мен суреттері бейнеленіп, безендіру жұмыстары жүргізілді. Осы істің басында жүрген «Мүбәрак» қайырымдылық қорының жетекшісі, белсенді жас Жомарт Мырзабектің де еңбегін атап өткеніміз жөн. Сонымен қатар волонтерлер көмегімен ауылдың жалғызбасты қарияларына көмек қолын ұсынып тұрамыз.
- Атқарылып жатқан жұмыстар жайлы ақпартыңызға рақмет, алдағы уақытта да атқарылар игі істеріңіз көп болсын, алда атқарылатын жұмыстар жайлы егжей-тегжейлі ақпаратыңызды газетіміздің беттерінен көреміз деп сенемін.
Елдос ЕРҒАБЫЛҰЛЫ, «Мойынқұм таңы».
08.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 80
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 114
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 114
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 80
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 224
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 229
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 442
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 405

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9101
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8500
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11727
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9493
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10709