Жас мемлекеттік қызметшілер салтанатты жағдайда ант қабылдады

Жас мемлекеттік қызметшілер салтанатты жағдайда ант қабылдады

30-тамыз Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған азаматтардың салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті.

Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеттерінің бірі - ант беру. Мереке қарсаңында мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Конституциясы мен заңдарын сақтауға, халыққа адал әрі кәсіби қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.

Ант қабылдау шарасы азаматтарға мемлекеттік қызметтің мол жауапкершілігін түсіндіру, адал қызмет етуді тәрбиелеуге бағытталған.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы  Л.Ілебаев, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысы  М.Мәтен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Д.Омаров,  «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының директоры Қ.Төлендиев, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Р.Садырқұлов қатысты.

Жоғарыда аталған лауазымды тұлғалармен абыройлы міндеттің  жауапкершілігі, мемлекеттік қызметтің алғаш табалдырығын аттаған мамандарға  Отанға адал болып, кәсіби қызмет көрсетуге және мемлекеттік қызметті абыройлы атқару қажеттігі туралы айтылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті
29.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14294
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14228
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29373
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28008
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31539