Жасөспірімдер аяқдоптан сынға түсті

Жасөспірімдер аяқдоптан сынға түсті

Жуырда Орал қаласының құрметті азаматы Петр Атоянды еске алуға арналған шағын футбол турнирі ұйымдастырылды. Жыл сайын өтетін дәстүрлі спорттық жарысқа 2010-2013 жылдары туған жасөспірімдерден құралған 14 команда қатысып, аяқдоптан шеберліктерін байқатты. Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, турнирге барлығы 200-ден астам бала қатысқан. Турнир барысында 2010-2011 жылғы жасөспірімдер арасындағы тартысты бәсекеде «Спартак» командасының ойыншылары жеңіс туын желбіретті. Ал 2012-2013 жылы туған балалар арасындағы жарыста «Ақжайық» командасы жеңіске жетті. Жеңімпаздарға арнайы кубоктармен бірге дипломдар және медальдар табысталды. Жалпы, Орал қаласында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, жеткіншектерді салауатты өмір салтына дағдыландыру мақсатындағы мұндай іс-шаралар жаз бойына жалғасады. 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
23.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4104
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4283
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19227
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17889
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21330