Ағымдағы жылдың 10 - маусымында “Таза Қазақстан” акциясы аясында Мойынқұм аудандық орталық кітапханасының coworking білім орталығында - “Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы” - тақырыбында аудан жастарының қатысуымен іс шара өткізілді.
Мақсаты: жастар арасында “Таза Қазақстан” акциясында ар тазалығын дәріптеу , жастар санасына сенімділік ұялату, өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысуын арттыру, сондай ақ іс-шара сыбайлас жемқорлықты анықтау, ақпараттандыру және онымен күресудегі жастардың маңызды рөліне назар аудара отырып, ақпараттандыруды арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетті ынталандыруға бағыттау.