Жастары үшін берері мол

Жастары үшін берері мол
Жамбыл аудандық “Жастар ресурстық орталығының” жаңа жобаларымен таныстым.
Жамбыл аудандық “Жастар ресурстық орталығы” екі жыл қатарынан жыл қорытындысы бойынша атқарып жатқан жұмыстары нәтижесімен үздік орталық номинациясын иеленіп келеді.
Биыл Орталық алған номинация үдесінен шығу мақсатында одан әрі жұмысты жандандырып, жеке теңгеріміндегі ғимаратта бірқатар жобаларды бастапты.
Осы мақсатта, жастардың игілігі үшін «bon_decor_resinart» кәсіпкерлігімен бірлесе басталған қол өнер орталығы әлеуметтік жобасымен таныстым. Resinart техникасымен жасалатын бұйымдардың мастер кластарын тыңдап, гипстан, сабыннан жасалатын бұйымдардың куәсі болдым.
Сонымен қатар, демеушілердің қолдауымен жастар орталығындағы ұжымның өз қолымен жасалған фотостудия, ауылдық округтерде ерекше кәсіп бастап шаруасын дөңгелетіп отырған жастарды дәріптеу мақсатында әлеуметтік желіде насихатталатын «Ауыл Bay» жобасымен, жас отбасыларға арналған «Love Story» айдарымен және ұлттық спортты дәріптеу мақсатындағы ашылған «Дәстүрлі садақ ату» жобасының жұмысымен таныстым.
Бастау алған жұмыстар Жамбыл ауданының жастары үшін берері мол тың жобалардан болуына тілектеспін!
Жомарт Зұлпыхар
02.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1103
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7150
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11001
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7213
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7358