ЖАУ ЖОҚ ДЕМЕ, ЖАР АСТЫНДА ҺӘМ ХАЛЫҚТЫҢ ТОЛҚУЫ ҚАЙТСЕ БАСЫЛАДЫ?

ЖАУ ЖОҚ ДЕМЕ, ЖАР АСТЫНДА ҺӘМ ХАЛЫҚТЫҢ ТОЛҚУЫ ҚАЙТСЕ БАСЫЛАДЫ?

ПЕЙІЛІ ТАР, НИЕТІ БҰЗЫҚТАР ЖАЗАЛАНУЫ ТИІС!

180 миллион емес, бар-жоғы 19 миллион ғана халықпыз. (Ешкімді бөліп-жармай-ақ қояйық). Ал, жерімізден Менделеев ғұламаның белгілеп кеткен 100-ден астам бағалы рудалары өндіріледі. Мемлекетіміздің жер көлемі әлемдегі 200-ге жуық мемлекеттердің арасында 9-орынды иеленеді... Тағы да «әттеген-айымыз» сол... бірде-бір сотық, бірде-бір гектар жер телімі мемлекеттік резервтерде болашақ ұрпақ үшін сақталмапты! Әрісі жарық дүниеде қазақ ұлты пайда болғалы, берісі 25 ғасыр бойы сонау ғұндар мен сақтар, түркілер мен қыпшақ бабалардан мұра болып, білектің күшімен, найзаның ұшымен сақталып, Қазақстан атты тәуелсіз мемлекетке аманат болып жеткен Ұлы Дала Елінің негізгі қожайыны, иесі қазақ ұлты екені естен шығып кеткен тәрізді. Себебі ішімізден шығып жатқан жау жаман. Пейілдері тар, ниеттері озбыр. Мақсаттары – ел ішіне іріткі салу, сөйтіп, Қазақ мемлекетін ыдыратуға, бөлшектеуге даярлау.

Бабаларымыз «Күштінің арты диірмен тартады» деп қалай дөп басып айтты екен, ә? Төріңде отырып туырлығыңды тілгілейтін дұшпандар тұрғанда егемендіктің өзіне қауіп төніп тұр.

Тәуелсіздік алған 30 жылда Қазақ мемлекетіне, қазақ ұлтына кім тіл тигізбеді? Намыстан өлсе, қазақ билігі өліп кетер еді, тфә-тфә, әлі тірі жүр. Ең қызығы, қазақтың мемлекетін, тілін, ділін жоққа шығарғандарға әлі күнге қатаң жаза қолданғаны есіме түспей тұр. Керісінше тілін, тәуелсіздігін қорғағандарға «Ұлттық алауыздық туғызды» деп айып тағылып, сотталғандар жетеді. Әлі күнге темір тордың арғы жағында жатқандар бар...

Әрі бармай-ақ қоялық, күні кеше ғана Петропавл қаласындағы бір топ адамдардың Қазақстанның Конституциясына қайшы келетін мәлімдемелері қоғам арасында резонанс туғызып, халықты алаңдатқаны – масқара оқиға. Қазақстанда сепаратизмге жол жоқ дейміз. Бұл – еліміздің барша азаматтарының талап-тілегі! Бірақ сепаратизм бар. 19 наурызда Петропавлда 19 сепаратист «Халықтық кеңес» ұйымын құрып, Қазақстан Тәуелсіздігін мойындамайтынын жариялады. Қоғамда дау туғаннан кейін ғана құқық қорғау органдары «қылмыстық іс қозғады» дейді депутат Қазыбек Иса. Ал Ермұрат Бәпи осы жағдайдың аясында Марғұлан Боранбаев пен Данат Намазбаевқа қатысты үкімді қайтадан қарайтын уақыт та, саяси себеп те, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждығы да туды деп мәлімдеді. Себебі олар сепаратизм қаупін алдын ала сезіп, батыл қарсы шығып күрескендер дейді мәжілісмендер. Үкіметке, Ұлттық прокуратураға және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жолданған депутаттық сауалдар бойынша жедел шешім қабылдау талап етілді. Петропавлда орын алған даудан соң, әлеуметтік желіде ізін суытпай Петропавл мен Павлодар қалаларының атауын ауыстырып, қазақша атау беру туралы ұсыныстар айтылып жатыр. Енді қызыққа қараңыз, СҚОдағы тілегі нас сепаратистерге байланысты Бас прокуратура мәлімдеме жасапты. Олар: «Қазақстаннан бөліндік, Тәуелсіздік алдық», – деп жариялағаны белгілі. Тергеу барысында 18 қатысушыдан жауап алыныпты. Мәжіліс алаңында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Солтүстік Қазақстан облысындағы сепаратистік үндеулерге қатысты журналистердің сұрақтарына жауап беріп тұрып былай депті: «Арыз бойынша іс қозғалған жоқ, бұл ақпаратты алған бойда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК д е п а р т а м е н т і ҚР Қылмыстық кодексінің 180-бабының 2-тармағы – «БАҚ құралдарын пайдалану арқылы сепаратизмді насихаттау» бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық іс аясында тұрғылықты жерінде, жұмыс орнында тінту жұмыстары жүргізілді. Тәркіленген бейнетасымалдаушыларға, сондай-ақ әлеуметтік желідегі сюжетке бірден экспертиза тағайындалды», – деді ол. Өмірәлиевтің айтуынша, сараптаманы Әділет министрлігінің қызметкерлері жүргізеді, одан кейін әрбір қатысушы актілерінің квалификациясы бойынша қорытынды шығарып, бұлтартпау шарасын қолдануға болады.

ПЕТРОПАВЛДА "ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢЕС" ТОБЫНЫҢ ҮШ МҮШЕСІ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ - YouTube

Ең сорақысы, елді алаңдатқаны, қазақ халқын ашындырғаны «18 адамнан жауап алынуда, бірақ олар күдіктілер емес» деп Бас прокуратура өкілінің қорытынды жасауында болып тұр. Бұған не деуге болады?

Сайлау-сайлау деп қазақ қырылып жатқанда Солтүстіктегі сепаратистердің тірлігі анау. Қазақ үшін қайда барса да Қорқыттың көрі болып кетті ғой өзі. Осы орайда айтқым келетіні беделді журналист, әріптесіміз Серік Әбікенұлының желідегі мына ұсынысы құлаққа кіреді: «Қызылжардағы мақтабастардың «мяуын» өшіру үшін қазақ санын көбейту керек деп біраз айтылды. Орны қайыра құт болған үкіметбасы үшін қазір үлкен істі қолға алып, ел алдында абырой жинаудың реті келіп тұр. Кеше ғана Президент Қ.К.Тоқаев депутаттар алдында сөйлегенде өзге елдермен шекараласатын 65 аудан барын, сондағы әлеуметтік мәселе қиын екенін айтты. Және дамыту керек деді. Ал дамыт енді! Сол шекаралас өңірлердің ішінде ең күрделісі – солтүстік. Мемлекет қаржысына үй салып, тегін беріп, жұмыс орнын ашып, жақсы айлық қойып тарт жас мамандарды. 20 мың жас апарсаң, үш-төрт жылда 50-60 мыңға өседі, қазақ демографиясы, Құдайға шүкір, тіпайтіпай. Оған балаларға барайық деген әке-шеше, немерелерді сағындық деп солай қарай тепеңдей жөнелетін ата-әжені қос! Тәуекел деп жанын жеген Бурахан секілді азаматтар артында мемлекет барын сезінсін. Ауылға бар, жер ек, мал бақ деме, орталыққа тұрақтасын. Сонда толып, ернеуінен асса, ауылға да барады, үлесін де алады. Ой, қиын деудің реті жоқ, Қонаев қаласын мысал етсек жетеді. Казинодан басқа қызығар түгі болмаған шәріге жарты-ақ жылда жан бітті, болашақта өседі-ау деп ағылып жатқан жұрт баршылық. Қапшағай кезінде маңына жолауға жиренетін түрлі қайраткерлер де әкімнің ай дидарын бір көрсем деп жиі баратын болды. Несі бар, Президент айтқан деп кіріссе, бетіне кім келсін? Солтүстікті сабырға келтірсе, Смайылов тарихта қалады. Шанс!» – деді. Осыған мен де келісем. Дұрыс идея. Жақсы тұжырым

Нет описания фото.

«ҚР Статистика комитетінің 2023 жылғы ақпан айындағы мәліметтері бойынша Түркістан облысында 2 418 000 адам мекендесе, оның 75,4%-ы қазақ. Облыстағы Шымкент қаласында 1 200 000 адам болса, оның 73%-ы қазақ ұлтынан. Ал Алматы облысында 1 500 700, оның 72%-ы қазақ. Алматы қаласының өзінде 2 200 700, оның 68%-ы қазақ.

Енді, біздің Солтүстік Қазақстан облысында 535 100 адам болса, оның 39%-ы ғана қазақ екен. Қысқасы, сол жаққа көшіру керек, ағайын. Шұғыл. Егер осы мәселені қолға алмасақ, Солтүстіктегі адам саны одан ары азая береді. Қазірдің өзінде ауылдар жабылып, аудандарда адам азайып барады. Бірдеңе істеу керек. Осы мәселені жоғарыға қалай жеткіземіз, ә?.. Шаршадық қой айта-айта... Қолымызда не билік, не қаржы жоқ. Әйтпесе өзіміз-ақ көшіре берер ек. Қап, әттең, әкің!» – деп жазды Burahan Daqanov. Осы жігітті билік тарапынан қолдайтын бір шенеунік қашан шығар екен? Ондай атты заман туса, бұлт астынан шыға келген Күн секілді Солтүстік аймақтар көптің көзқұртына айналмас еді-ау

 

РЕСЕЙГЕ АРҚА СҮЙЕП АРПЫЛДАҒАНДАРҒА ТОҚТАМ БОЛА МА?

Қайран қазағым, мұны аз көрсең, жақында Петр Своик деген жексұрын тағы да төбе көрсетті. Арсыз неме тағы да қазақ билігіне тиісе сөйледі. Қазақтар мен Қазақстанды «орыс әлемінің бөлшегі» деп атағаны құлаққа түрпідей тигені рас. Алайда намысы өліп қалған қазақ билігі дым демей құтылды. Рахат! «Үндемеген үйдей бәледен құтылады» дегенді шенеуніктеріміздің қатты ұстанатыны байқалады. Шіркін-ай, үнемі сондай ұстанымда болса, халыққа жайлы болар еді! Жоқ, олар... өзіне келгенді оңдырмайды...

«За Путина»: разговор с представителем русского мира из КазахстанаАнтисоветский Казахстан заканчивается» - YouTube

Билігіміз «үндемес» ойнаса да, халық атынан біздің «әу» деуге шамамыз жетеді. «Әй, Своик, тантымай сөйле! Қазақ ешқашан орыс әлемінің бөлшегі болған жоқ! Қазақ орыстың езгісінде, боданында болды! Қазақ орыс билігінің қолдан жасаған аштығынан қырылды. Қазақ орыс билігінің репрессиясынан ажал құшты. Орыс билігінің қысымын көрді. Қазақ орыс билігінің сайқал саясатынан бөлінді! Қазақ орыс билігінің күшінен жерінен айырылды! Қазақ күні бүгінге дейін орыс билігінің зардабын тартып келеді!». Естігің келгені осы шығар! Ал ендеше!

Қазақ жұртының намысын қамшылап, бір-екі ауыз кержақтау пікір айтпақпын. Негізі, Петр Своик рас әңгіме айтып отыр. Баяғыда мен де жазғанмын, орыстар жойылып кетсе де, қазақтар бар кезде орыс тілі өлмейді деп. Жалған намыстың не керегі бар осы? Өздеріңіз қараңыздаршы, орыс мектебіне баратындардың 80-90 пайызы қазақтар. Солар орыс тілін өлтірмейді, қазақ тілін өлтірсе де. Намыс болса орыс мектебіндегі бүкіл қазақ баласын қазақ мектебіне қайтару керек. Қазақ тілінің патриотымын дегендердің кейбірі баласын орыс мектебіне беріп отыр. Демек олар да қазақ тілінің болашағына сенбейді. Сөйте тұра бір орыстың қыртыл әңгімесіне өре түрегелуіңе жол болсын, бауырлар!

После Нового Года спросим поимённо — Интернет-газета ЗОНАКЗ. Казахстан.Говорим: Украина, Казахстан в уме - YouTube

Тағы айтамын, Своиктің сөзіне шынымен намыстансаңдар, балаларыңды орыс мектебіне бермеңдер. Орыста мынадай сөз бар ғой деп, олардың афоризмін қолданбаңдар. Ондай афоризмдер немісте де, французда да, қазақтың өзінде де жетеді. Маған осылай ыңғайлы немесе орыстар да түсінсін деп, орысша жазбаңдар. Керек болса аударып алсын...

Қаланың ортасындағы бір кафеде отырмыз. Бір орыс жоқ болса да, маңайымдағының бәрі орысша сөйлесіп жүр. Қайда қарасаң да орыс сөзі. Орыс әлемінің ішінде жүргеніміз рас. Петр Своиктың айтқанында шындық бар. Мына түрімізбен әлі елу жыл шүлдірлеп жүре беретін сияқтымыз ғой. Айтайын дегенім, намыстанған дұрыс, бірақ соған сай жұмыс істе. Тіліңді құрметте, ұлтыңды мазақ етпе!

Біздің елде тегеурінді талап жоқ, заң солқылдақ! Сондықтан да бізді келеке ететіндер мен мазақ қылатындар көп. Шүкір, қазір Парламентте қазақ тілінің – мемлекеттік тілдің патриоттары көбейді. Бұрын «жалғыздың үні шықпас» деп Қазыбек Иса шырылдап халықтың, өзінің жанайқайын жеткізуші еді. Енді қатарлары көбейгеніне қуаныштымын. Алайда депутат Айдос Сарым мырзаның «өлсең де орысқа өмір бақи тәуелдіміз» дегенге келетін жауабы бір жағы шындықтан да алыс жатқан жоқ. Дегенмен, шаршаған, күйзелген жұртты «халық қалаулысы» осылай тыныштандыра ма?.. Идеология қайда? Саясат қайда?!

 

ЗАҢ МЕМЛЕКЕТ ИЕСІ – ҚАЗАҚТЫҢ ПАЙДАСЫНА ЖҰМЫС ЖАСАМАСА, БӘРІ БЕКЕР

Соңғы кезде ел ішінде «осы біз көршіге «тәуелді» болып қалған сияқтымыз» деген сөздер жиі айтылады. Бұл ақиқат. Біз орыстың әлі қол астындамыз. Біз білмейтін небір қитұрқы әрекеттер Ақордада жасалып жатпасына кім кепіл?!

Президентіміз Қ. Тоқаевтың өзі «біз орыс әлемінің бір бөлшегіміз» дегенге саятын ой айтты. Биылғы жылды «Орыс тілін қорғау жылы» деп атады. Мұны «саясат» деп біз түсінгенмен, қарапайым халық әртүрлі қабылдайды». Әрине, Петр Своик осыдан кейін аузына не келсе соны сайрауы заңды емес пе, ағайын! Кімге ренжиміз? Кімге өкпелейміз? Өзіміз кінәліміз. Заңды өзгертейік деп айтылғалы қашан?! Әлі бір орында тұрмыз.

Келешекте тарихтың шежіресі жазылса, тәуелсіздік дәуірі сайлау мен кезектен тыс Президент тағайындауларымен есте қалатын шығар. Ол аз болса, дауыс ұрлауға, әділетсіздік орнатуға «сүбелі» үлес қосқандар да тарих сотына тартылары анық.

Қарап тұрсаң, жерінде бір түйір пайдалы қазбасы жоқ көптеген елдердің тұрмысы Қазақстаннан көш ілгері кеткен. Олар жоқтан барды жасап, барын ақылмен іске асырып, ғылым-білімін дамытып, шалқып өмір сүріп отыр. Басқасын айтпағанда, тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратып, пайдаға шаш етектен кенелуде. Біз тұрмыстық қалдық түгілі, жердің астынан шығатын қазба байлықтардың қызығын көруге қауқарсызбыз. Бұған кім кінәлі? Иә, көпшілік бұрынғы Президент Нұрсұлтан Назарбаевты кінәлауға бейім. Ол кісінің қателігі жетеді, алайда бүгінгі Президенттің билік басына келгеніне де үш жылдан асып кетті емес пе? Не деген қозғалмайтын сең бұл? Неге халық теңдік сұрауға, аттандап көшеге шығуға құмар болып жүр? Бұл кедейлік қазақтың басынан қашан арылады? Қазақ қайтсе көгереді, көктейді? Иен байлықтың қызығын көрер күн қашан туады? Бұл менің ғана емес, дүйім қазақ жұртының көкейіндегі сауал! Басты арманы десе де болады.

Осы ретте ақын Асылбек Жаңбырбайдың мына жазбасы да оқырманға ой салар деп жазып отырмын. «Бәрі «Жаңа Қазақстан» деп жатыр ғой. Бұл сөзді мың жерден мың жыл бойы қақсағанмен ештеңе өзгермейді, егер заң мемлекетті құраушы халықтың, яғни қазақтың пайдасына жұмыс жасамаса. Халық көтеріліс жасаса, заң аясында шешілсін дейді көбі. Ал сол заң кімнің аясында? Әрине, биліктің. Шерхан Мұртаза айтпақшы, әлсіздер тұтылып, әлділер құтылып кететін біздің заң өрмекшінің торы болып тұр. Әйтпесе, қара халықтың шулап несі бар? Билік күштік құрылымға ғана сенеді. Тақтан таймау үшін бәрін жасады, аянбайды. Өйткені бізде мемлекетшіл, демократияшыл билік болған емес. Оның екі үлкен себебі бар. Сол екеуінен өлердей қорқады. Олар – қазақ тілі мен қазақ демографиясы. Осы екі нәрсе – ұлттың жаны мен тәні. Осы екі мәселе – ұлттың соры. Екеуін де шешудің жолы оңай, негізі. Бірақ жасамайды. Өздеріне қиын болады. Өйткені өз тілдері орысша, аз халықты басқару оңай. Отыз жылдан асты, қазақтың тілін дамытпау үшін, қазақтың санын көбейтпеу үшін барын салып келеді. Құлдық сананың көрінісі бұл. Заң қазаққа жұмыс жасаса, кешегі бүлікші сепаратистер сотталар еді. Мұндай мысал көп. Менің қазіргі билікті, жүйені сынай беретінім сондықтан. Осыны әрбір қазақ түсінсе екен. Біз елдікті, тәуелсіздікті өз тілімізде таза сөйлеу мен ұлтшыл ұрпақ әкелу арқылы сақтап қаламыз. Қарсыластарға қысымды, күресті осылай жасау керек. Басқа жол жоқ!». 

Жаңаөзен қырғынын халық әлі ұмыта қойған жоқ. Ұмытпайды да. Сол аймақ, сол өңір мұнайшылары тағы да бас көтеріп жатыр. Баяғы ақша, жетіспеушілік. Бұл негізі баяғыда шешілуі тиіс мәселе болатын. Әлі күнге сүйретіліп келеді. Астанаға келіп, Энергетика министрлігінің алдында ереуілдеген жаңаөзендік мұнайшыларды полиция ұстап әкетті. Кейін босатты. Өзара келісім болып, жүзге тарта мұнайшы елдеріне оралды. Тұрақты жұмыс сұраған мұнайшылар мен «Қазмұнайгаз» компаниясының келіссөзі әлі бітпеді. Компания талаптың кейбірін орындау мүмкін емесін мәлімдеді. Астанада полиция ұстап, Жаңаөзенге қайтқан мұнайшылар «билік алдап-сулап шығарып салды, талабымыз орындалмайтын түрі бар» деп Президентке Үндеу жолдауда. Артының немен бітерін бір Алла ғана біледі.

Кроме "Озенмунайгаза", в Жанаозене ничего нет". Правозащитник объясняет,  почему на западе Казахстана протесты и как действовать властямПравительство в отставку!» и «Шал, кет!». В Актау и Жанаозене продолжились  митинги

Жылдар бойы қалыптасқан «шіріген жүйенің» кедергілері болатыны сөзсіз. Мына алмағайып заманда арандап шашырап, осы күнімізге жете алмай қалмайық. Біз білетін, біле бермейтін күрмеуі шешілмеген көптеген мәселелер бар. Облыс шеше алмайтын, құзыры жоқ мәселелердің бары да белгілі. Олардың бәрі шетелге сатылғаны белгілі. Астанаға сол мәселелерді шешеміз деген үмітпен келді олар. Бірден шиеленістірмей қабылдап, келіссөзге келуі керек еді. Бұл Үкіметтің, жауапты министр мырзаның кінәсі. Осындайдан билік пен халықтың арасы алшақтайды. Ел Президентіне қарапайым халық «қатты түшкірсе» Тоқаев дейтіні белгілі. Келіссөздер жүріп жатыр, «отқа май құймай», арандатпай, дүркіретпей, жалған жанашыр, халықшыл болмай, әр істің артын байыппен күткенге не жетеді?!

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Әлібек Асқаров елді бірлікке шақыратын мәлімдеме жазып еді, оған ашынған халық ит терісін басына қаптап жатыр. Осыдан-ақ халықтың әбден ашынғанын, билікке деген өкпелерінің қара қазандай екенін аңғара бер.

«Жаңаөзеннен жүзге жуық мұнайшы елордаға келіп, өз наразылықтарын білдіріп қайтқаны бәріне белгілі. Бірақ жаңаөзендік мұнайшылардың дауы әлі басылар емес. Екі тарап мәмілеге келіп, ел ішінде тыныштық болса екен. Бұл жерде біреуін даттап, енді біреуін қостап отырғаным жоқ. Аз ғана халқы бар елдің бір-бірімен бет жыртысуының қажеті жоқ. Елдің берекесі кетеді.

Жаңаөзенде газ қымбаттауына байланысты митинг өтті: 10 наурыз 2021, 09:12 -  жаңалықтар Tengrinews.kz

 

 

ЖАҢАӨЗЕНДЕГІ ЖАҒДАЙ НЕГЕ ШИРЫҒЫП ТҰР?

Мысалы, Жаңаөзен 50 мың адамға арналған алақандай ғана қала. Ал оған шекаралас жатқан Түркіменстан, Өзбекстан, Қарақалпақстаннан 160 мыңнан астам адам келген. Сол сырттан келгендерде «мемлекет міндетті» деген көзқарас байқалып қалып жатады. Яғни атажұртына оралғандарға «мемлекет материалдық көмек көрсетуі керек, жұмыс тауып беруі қажет» дейтіндер де табылады. Әйтсе де нарықтың қатаң заңы «алма піс, аузыма түсті» қолдамайтынын ұмытпағанымыз жөн. Арнаулы орта, жоғары білімі болмаса да, жоғары жалақы төлеуді талап ететінін де жиі естіп қаламыз. Олардың негізсіз талабы кейде жергілікті халықтың ойын өзгертіп, билік пен бұқараның арасына жік салатындай.

Жалпы, қазір Жаңаөзенде халық тым тығыз қоныстанған. Осыншама адам шамадан тыс бір жерде шоғырланған соң, мәселе де, дау да көп шығады. Оның бәрін әп-сәтте Үкімет шешіп тастай алмайды, тіпті реттеп үлгермеуі мүмкін. Баспана жетіспеушілігі, жұмыссыздық, жастарға жағдайдың жасалмауы секілді ушығып тұрған мәселелер жетіп артылады. Жергілікті жұрттың табыс көзі – «ӨзенМұнайГаз» акционерлік қоғамы. Оның өзі шегінен асып кете алмайды. Осының салдарынан әлеуметтік кикілжің, еңбек дауы, жалақыға наразылық білдіру Жаңаөзенде үйреншікті жағдайға айналған. Осыдан барып халық билікті, билік халықты түсінбей жатыр.

Меніңше, халықтың басым бөлігін басқа өңірлерге көшіру керек. Мәселен, еліміздің солтүстік өңірі бос жатыр. Бірақ оған ешкімнің барғысы жоқ. «Біздің ата-бабамыздың жері» деп шығады. Ойлап қарасақ, еліміздің бүкіл аймағы ата-бабамыздан қалған мұра емес пе? Жердің қай пұшпағына барсақ та, ел мен жерді көркейткенге не жетсін?! Бойды ашуға бермей, ойланатын дүние.

Ертеңгі күні бұл кәсіпорын жабылса не болады? Жаңаөзенге шоғырланған 200 мыңға таяу адамның тағдыры не болмақ? Бүгіннің өзінде көкейтесті мәселелерден көз ашпай отырған қалада мұнай өнеркәсібі төмендесе не болмақ? Сондықтан Жаңаөзенге көрші мемлекеттерден көшіп келіп жатқан қандастарды Қазақстанның басқа аймақтарына бөліп орналастырып, демографиялық үрдісте тепе-теңдіктің сақталуына мән берген дұрыс-ау, сірә. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай!». Әлеуметтік желіге тараған осы мақаланың астына көз жүгіртсең, жағаңды ұстайсың. Небір былапыт сөздер мен ғайбаттардан, билікке деген жеккөрушіліктен түңіліп кетесің.

«Жаңалық ашқандай болдыңыз-ау. Бұл нәрсені осыдан 30 жыл бұрын бастау керек еді Назарбаев. Алғашқы жылдардан бастағанда қазір солтүстік өңірлер қазақтанып қалған болар еді. Сол Қытай, Түркімен, Өзбекстаннан келген қандастарды сол жылдардан бастап солтүстікке орналастырғанда басқаша сипат алар еді. Өздерінің қате саясатының жемісі бұл. Енді келіп халықты кінәлайды. Енді кеш бәрі».

«Немене, бірінің аузына бірі түкіргендей, маңғыстаулықтарды сабырға, шүкірге шақырғыштар көбейіп кетті. Мен халыққа емес, билікке сабыр мен шүкір тілеймін. Халықта әуелден бар бұл екеуі. Отыз жыл шыдаған аз ба? Тапсырыс сөзді жаттап алып, көшіріп, жариялап, оттамаңдар! Айтқыларыңыз келсе, жұмыссыз отырған, мүгедек боп қалған, көп баласымен пәтер жалдап жүрген отбасыларға барып айтып көріңіздер. Олардың көздеріне тіке қарай аласыздар ма? Халыққа тыныштық керек, әрине. Бірақ соны бұзып отырған – билік! Былтыр да сондай болды. Енді содан сабақ алмаса, халыққа не дейсіздер?».

Осы тектес айыптаулардан көз сүрінеді. «Күнде жаңалық қарап отырып, Жаңаөзендегі мәселенің ерте шешілгенін және елдің тыныштығын тілеп отырамын. Барлығыңыз мән-жайды оқып біліп отырсыздар. Әркімнің өз ойы бар, бірақ дәл оқиғаның қасында болмасақ та, ақпарат көздері жалған жаңалық таратпасы анық. Жүз жұмысшыны ұйымдастырып бас қалаға әкелу, оларды қаржыландыру кімнің әрекеті екенін білмеймін. Бірақ өткеннен сабақ алмайтын елді тағы да арандатуға тартса, еріп кететін жағдайға дайын тұруы өкінішті. Жұмыссыз қалғандарға тендерді ұтқан компанияға жұмысқа тұруға ұсыныс тастап отыр. Бірақ неге оны қабыл алмай отыр? Осы жағы түсініксіз. Неге олар дәл «ӨзенМұнайГаз» АҚ-да жұмыс істеуге ниетті. Бұл жерде жұмысқа тұруға онсыз да 9 мың адам кезекте тұр. Осыларға қарамай бұларды жұмысқа ала салу керек екен. Жұмысшылардың талап етіп отырған шарттары қайшы екенін «Қазмұнайгаз» түсінікті етіп айтып та жатыр. Осы ереуілге шығатындардың әркез талабы – жалақыны өсіру. Осы жолы 700 мың теңге деп анықтап айтып отыр. Бұндай жалақыны Алматыда жақсы жұмыс жасайтындардың өзі алмайды ғой. Осының артында бопсалау тұр ма деп ойлайсың. Екі жақтың да келісімге келгені маңызды. Меніңше, ұсынған жұмысты қабыл алған дұрыс сияқты. Себебі қисынға келмейтін дүниені талап ету жарға жыға ма деп қорқамын. Әділетті шешім жұмысшыларға да, «Қазмұнайгазға» да тиімді болса дейсің. Ереуілдің арты үлкен оқиғаға айналып, елдің тыныштығын ұрламауы қажет» деп жазып жатқандар да бар.

Жазушы Есболат Айдабосынның «Әлеуметтік теңсіздік немесе 700 000-ның жыры» деген жазбасы да түрлі ойға итермелейді. «1. Қайбір жылы 11-сыныпты тамамдағалы жатқан оқушы қыз терезеден секіріп қайтыс болды. Себебі мектеп бітіру кешіне киер көйлегіне көңілі толмаған. Ал құрбыларының көйлегі өзінікінен қымбат, инстаграмға кірсе де сол – қатар-құрбылары алған киімдерін жарқыратып салып, жарысып жатыр. Қыз әлеуметтік теңсіздікті сезінген, өзін қор санаған. Онан кейін депрессия, соңы суицидпен аяқталды. Егер сол кезде оның құрбыларының бәрі арзан көйлек алса немесе бәрі бірдей аттестат алуға мектеп формасымен бара салса, ол қыз мұншалықты жәбірленіп, қорланбас еді. Әлеуметтік теңсіздік осылайша бір өмірді қыршыннан қиды.

Ереуілдеткен мұнайшылар Жаңаөзенге қайтып жатыр

2. Жаңаөзенге келейік. «700 000 теңге алады» деп жазып жатырсыздар. Бір-екі жерден ондағы жұмысшылардың бәрі вахталық жүйемен жұмыс істейтінін оқыдым. Вахта деген бір ай жұмыс істеп, бір ай үйде жату деген сөз. Олай болса олардың айлық кірісі 350 000 теңге болады да шығады. Мейлі олар ол бір айда тағы бір жерде жұмыс істейтін шығар, істесін. Жалпы табысы 700 000 теңге дейік. Бірақ олар оны қалай табады? Бір ай бойы тепеңдеп, қара майға малтығып, улы газды жұтып жүріп, денсаулығын құртып жүріп табады. Кеше бір жазбадан «жаңаөзендік отбасылардың көбінде бала жоқ, ауру көп» дегенді оқып қалдым, рас болса, бұл сұмдық қой.

Енді қараңыз, мұнайшылар вахталық мерзімі бітіп, бір автобусқа тиеліп жұмыстан үйіне қайтып келе жатыр. Үсті-басы кір-қожалақ, шаршап-шалдыққан. Қалаға жете бергенде еңгезердей «Джипке» мінген, мойнына қылғындыра галстук байлаған, шілмиген бір жігіт (немесе шетелдік) басып озды. Екеуі бірдей жұмысшы, алатын айлығы шетелдіктікі 2 млн, ал біздікі 700 мың. Олар мұны таниды. Күні кеше жұмысқа кірген кеңсе қызметкері. Жылы жерде отырса да жалақыны опырып алатынынан хабардар. Су жаңа көлікпен шаңдатып жүрісі мынау, бұлардың шаң-тозаңға қақалған сиқы мынадай. Мұнайшылардың көңіл күйі қалай болуы мүмкін?! Жерге шырт еткізіп түкіріп, «шешеден» жібермей ме?! Міне, әлеуметтік теңсіздік деген, міне, наразылықтың түп-тамыры. 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасының да, күні кеше Астанаға барған мұнайшылардың да наразылығы осында жатыр. Әлеуметтік теңсіздік әлеуметтік депрессия тудырады. Теңсіздік жойылмайынша, бұл мәселе шешілмейді».

Мұнайшылар Тоқаевқа үндеу жолдады — ВИДЕО

Астанаға келіп жүрген батырлар артындағы жаңаөзендіктер мен жалпы батыс халқына сеніп тұр. Әйтпесе, ұлт үшін шырылдаған Данат Намазбай, Марғұлан Боранбайлар әлі түрмеде. Батыс жұртының бірлігіне басымды иемін. Жаңаөзендіктер көтерілмесе, кешегі ұсталғандар Макс Боқаев сияқты 5 жылдан кейін бір-ақ шығатын еді.

Шетелдік компанияларға сырттан маман әкелуге шектеу қою керек. Бізде мұнай өндіруде Қазақстанның тәжірибесі бай. Қаншама оқу орындары бар. Егерде ол компанияларға қажетті мамандықтар жоқ болса, солармен бірлесе жаңа кафедралар ашсын. Кезінде Қ.Сәтбаев мүлдем оқымаған қазақ жастарымен бірге қаншама кен орындарын игерді. Ресейден мамандар келгенімен, кейін оларды қазақ жастары ауыстырды. Қазіргі таңда бізде оқу орындары жетерлік. Бүгінде Ресейден компаниялар қаптап келіп жатыр. Солардың көпшілігі Қазақстан заңына бағынбайды. Офисінің айналасын қоршап алған. Сырттан ешкімді кіргізбейді, не істеп жатқандарын Құдай білсін. Қаптаған супермаркет т.б. ашып тастаған. Онда да қазақ тілін білмейтін өзге ұлттар, шетелдіктер. Соларға тыйым салу керек. АҚШ-тың, Қытайдың, Италияның, Ресейдің т.б. елдердің инвесторлары қаншама жылдан бері елде жұмыс істеп жатыр. Онда да шетелдік мамандар өріп жүр. Ол компанияларға маман дайындау үшін біздің елде тапқан табысына ендігі бір-бір университет ашып алатындай деңгейге жетті. Біздегі сол түкірігі жерге түспейтін кәсіпорындар өз елдеріне барса, бәсекеге төтеп бере алмайды. Тек бізде ғана майшелпек. Оларға өз елдерінде біздегідей ойына келгенін істеткізбейді. Шетелдік компаниялармен арадағы келісімшартты қайта қарау керек.

 

ҚАС ПЕН ДОСТЫҢ АРАЖІГІН АШ, БИЛІК!

ТҮЙІН: Олай болса қазақтардың өз жерінде емен-жарқын, аста-төк молшылықта өмір сүруге толық құқы бар! Ат төбеліндей капиталистер кез келген ұлттық мәселені шешкенде халықпен санасуға тиісті. Міне, соларды қазіргідей дағдарыс кезінде экономика мен әлеуметтік саланың локомотиві болуға міндеттейтін арнаулы заңнамалар қабылдайтын кез келді! Қолдан жасалған қазақ капиталистері де мемлекеттік заңдарға бағынуға міндетті. Оларды осындай аста-төк байлыққа кенелткен ұлы қазақ халқы екенін ұмытпағандары абзал. Менің айтқан пікірімді ел тізгінін ұстаған лауазымды азаматтар дұрыс түсінеді, орынды шешімдер шығарады, ұлтымыз үшін ұтымды бағдарламалар жасауға мұрындық болады деп ойлаймын.

Бұл жерде тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, ереуілшілерден басқа да толып жатқан жұмыссыздар жетеді ғой Қазақстанда. Егер сол барлық жұмыссыздар бірігіп, көтеріліске шықса, онда әңгіме басқа. Қорыққандықтан тек қана жаңаөзендік жұмыссыздардың айтқандарын орындауда, (өздері үшін қорқу ғой), барлық қазақстандық жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз етпеген соң, бәрі бекер. «Көп – қорқытып, терең – батырғаннан» ғана қорқу билікке сын!

Соңғы хабарлардан құлағымыздың шалғаны билік Жаңаөзен азаматтарының мәселесін оң шешуге шешім қабылдаған сыңайлы. Бұл туралы қамауға алынған азаматтар видео арқылы мәлімдеді. Мұны оң шешім деп мақтап кетуге әсте болмайды. Бұл жерде шарасыздық, амалсыздықтың желі еседі. Себебі билік бұл шешімге жаңаөзендік азаматтарды қойша тұтқындамас бұрын келуі керек еді. Ақтау мен Жаңаөзен халқы жаппай көтерілген соң, яғни кеңірдегіне пышақ тақалған соң амалсыздан келісіп отыр. Егер билік келісімге келмесе, қос қаладағы наразылық өзге өңірлерде де жалғасуы мүмкін еді. Бұл кезде қазіргі билік орнында қалар ма еді, қалмас па еді, оны бір Алла біледі.

Митинги в Жанаозене и Актау: как протесты на западе Казахстана прошли без  погромов и провокаций

Билік өткен жағдайдан сабақ алмайтынын Қаңтар көтерілісі көрсетті. Алайда алдағы уақытта жергілікті билік істі насырға шаптырмай, тез арада шешім қабылдауды үйренеді деген үміттемін. Жалпы ауыл әкімінен бастап, депутат және Президентті өзі сайлай алмаған елде мұндай наразылықтар жиі бола береді. Сондықтан кешегі наразылық үлкен дауылдың алдындағы репетиция болуы әбден мүмкін. Мұны билік біліп, тәубесіне келе ме? Әй, қайдам?! Келмесе өздеріне қиын. Халыққа екі бастан...

Біздің мемлекеттік органдар даулы жағдайларды күшпен емес, дипломатия арқылы шешуді қашан үйренеді осы? Конституциялық құқықты өздері таптайды алдымен.

Мұнайшылар мәселесі Мәжілісте майшаммен қаралуда. Бұл да көңілге жұбаныш. Ел тыныштығы үшін қуаныш. Бір мандатты округ бойынша сайланған Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин әріптесі Самат Мұсабаев екеуінің атынан Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа Жаңаөзен қаласының энергетикалық сервис кәсіпорны қызметкерлерінің мәселелеріне қатысты депутаттық сауал жолдады. Мәжіліс депутаты «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры өз ережелеріне шұғыл өзгерістер енгізу, тендер процедурасын жетілдіру, сервистік компаниялармен көпжылдық келісімшарттар жасау, яғни жұмыс тұрақтылығын сақтау, жұмысшылардың әлеуметтік пакетін қамтамасыз ету, тендер дауында кемшіліктер анықталған жағдайда тиісті шешім қабылдамаған квазимемлекеттік құрылымдар басшыларының жауапкершілігі қаралсын, бұл мекемелер ашық, әділ жұмыс жасасын деген талап қойды. Әйтеуір, бұл да мұнайшылар үшін үлкен себесін. Кейінірек депутат Жаңбыршин жерлестеріне жақтасып, үкімет басшысына қатал үндеу жолдады. Онда мәселені ушықтыра берудің арты жақсылыққа апармайтынын қадап айтты.

«Жерің қанша бай болғанымен, елің өз-өзінен қарық бола қалмайды. Өз байлығын өзі толықтай игере алған халық қана бар мұратына жете алады. Мұнай сонда ғана мұңайтпайды, алтын сонда ғана арытпайды», – деген еді кезінде көрнекті қаламгер, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлы. Әб-ағадан артық не айта аламыз?

Өңір әкімі Нұрлан Ноғаев та Маңғыстау тұрғындарына үндеу жасады. Үндеуінен шаршағандық, халықтың толқуынан жүрегі шайлыққандық байқалып тұрды, себебі де түсінікті, мұнайға байланысты биліктің жоқтығы белгілі. Халыққа жақын өңір басшысы облыс тұрғындарын тыныштық сақтауға, жағдайдың тұрақсыздығына жол бермеуге шақырды. «Құрметті маңғыстаулықтар! Қадірлі жерлестер! Бұл жағдайдың баршамыздың көңілімізге қаяу түсіріп отырғаны жасырын емес. Осы сәтте біз ашу үстінде асығыс шешім қабылдамай, сабыр сақтағанымыз жөн. Біз кез келген түйткілді мәселе мен қиындықтарды ақылмен шешіп, абыроймен алып келеміз. Қоғамдағы шиеленісті одан әрі ушықтыру, заң мен құқықтық нормаларды бұзу жағдайдың тұрақсыздануына әкеледі, мәселені шешпейді.

Ардақты ағайын!

Баршаңызды сабыр сақтап, ел тыныштығын бұзбауға шақырамын! Біз бұл жағдайдың тек заң шеңберінде әділ шешілгенін қалаймыз. Баршамыздың мақсатымыз бір – ертеңгі күнге деген сенімділік пен елдің амандығы, жұрттың тыныштығы. Қазір әсіресе арандатушыларға еріп кетпей, олардың ел ішіне іріткі салып, тыныштықты бұзуына жол бермеуіміз қажет. Бәріміздің мақсатымыз бір. Халқымыз адал еңбек етіп, атқарған жұмысына сай еңбекақысын алып, ертеңіне сеніммен қарап, сыйластықта өмір сүруді қалаймыз және оны жүзеге асыру үшін жұмыс жасаудамыз. Кәсіпорындарда тыныштық пен тұрақтылықтың болғаны бәріміз үшін де тиімді. 

Қадірлі ағайын! Қазір Қасиетті Рамазан айы – мейірім мен рухани тазару айы. Біз Сіздермен осыған дейін бірлескен күш-жігеріміздің арқасында талай сын-сағаттардан өттік, оған тарих куә. Бұл түйткілді де ауызбіршілікпен, ынтымақпен еңсереміз деп сенемін. Халқымыз тыныш, ел іргесі бүтін болсын!» – деді ол. Жаны қысылған, халқымен бірге қиналған әкімнің сөзі бұл.

Маңғыстаудың дарабоз ақыны, «Бар қазақ менің – жалғызым» деп жырлаған рухты азамат Сабыр Адайдың мына сөзі ойымнан бір сәт кетпек емес.

«Қызылжар мен Кереку жылын айшықтап және солтүстік аймақтарды игерудің түркі елдерімен бірігіп «Жаңа Қазақстандық» науқанын шұғыл бастау керек. Сөйтіп, «науқаншыл» тәжірибенің де бір қайырын көру керек. Батыл, баянды әрекетке көшкен дұрыс», – деп еді-ау арда азамат

Мақаламыздың басында бұл жөнінде біраз қаузадық. Оның шешімі қалай болмақ? Сол бізді толғандырады. Дегенмен шешуге болатын мәселе. Әділетсіздік бар жерде наразылық болады. Наразылықтың соңы толқуға, толқудың түбі төңкеріске, төңкеріс ақыры қантөгіске апарады. Оны бастан кештік.

Маңғыстаулық мұнайшылардың айлығы 700 мың теңге екен деп, билікті жақтап, мұнайшыларды даттап жатқан блогерлер мен журналистер де қара көрсетіп қояды. «Ақысын төлесең, боқысын шығарамыз» дегендей. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, еліміздегі ең арзан әншінің өзі тойға келіп, 20 минут ән айтқаны үшін жеті жүз мыңнан көп сұрайды. Ол дұрыс та, бір ай далада жүріп жеті жүз мың теңге айлық сұрау дұрыс емес пе?

Петр Своиктің «маңызды мәлімдемесінен» кейін, іле-шала өздеріңізге де мәлім, 8 сәуірде Астанада феминистер шеруі өтті. «Арық атқа қамшы ауыр» дейді мұндайда қазақ. Себебі билік қазір жауыр болған атқа қатты ұқсайды. Себебі кім көрінген тіл тигізіп, ұлттық құндылығын мазақ етіп, ЛГБТ өткізеді. Билік оларға үнсіз қарап қойып отыр. Маңғыстаулық мұнайшыларды көзге ілмегендей ыңғай танытып, кейін шуылдай бергесін, мәселе ушыға бергесін желкелеп автозакқа тиеп, кейін Маңғыстау халқының ашуынан қорқып босатып жіберді. Кешегі өткен Парламент сайлауына қарсылық көрсеткен, өздерінің ащы пікірлерін айтып халықты әділ қоғам құруға шақырған белсенділерді түгел қамап тастады. Қамалмағандарына қомақты айыппұл салып, сергелдеңге салуда. Біз күткен «Жаңа Қазақстан» осы ма еді?

Ал дүйім қазақтың намысына тиген, ұлттық болмысымызды жоққа шығарған Петр Своиктың басынан бір тал шаш түскен жоқ. Ата-бабамыз естіп-білмеген, жеті атамыз көрмеген ЛГБТ сияқты жын-ойнақ ұйымдастырушылар емен-жарқын жүр. Өздеріңізге мәлім, 8 сәуірде Астанада феминистер шеруі өтті. Бұл күні тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг болады деген. Бірақ олай болмады, жиналғандар әйел теңдігін айтудан бастап, соңында гомосексуализмді насихаттады. Өрімдей балалар, арасында оқушылар да бар, ЛГБТ жалауын жамылып жүрді. Масқара емес пе? Ең сорақысы, гей-пропаганда қазір Астана мен Алматы секілді ірі қалалардың жекеменшік мектептерінде де өте қарқынды насихатталып жатыр. Мұны сондағы оқушылардың әлеуметтік желідегі парақшаларынан ашық аңғаруға болады. «Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады» дейді атам қазақ. Өкінішке қарай, біз сол ауруды қоғамға жұқтырып алдық. Бұл идеологияның әлсіздігінен шығар. Енді қанымызға сіңіп кетпей тұрғанда дереу алдын алу шараларын жасау қажет. Осының кесірі мектептегі тәрбиеге, ұрпағымызға үлкен «кесел» болғанын көріп отырмыз. Әлеуметтік желіден көріп, жүрегімізді қан жылатқан оқушы қыздың зорлық-зомбылық көруі, қыздың өлімі, ұлдың өлімі кімді де болсын бейжай қалдырмайды. Құқықтық статистикаға көз жүгіртсек, үш айда 376 жасөспірім құқық бұзған. Оның ішінде ұрып-соғудың – 5, кісі өлтірудің – 3, тонаудың 4 дерегі тіркелген. Ал соңғы 4 жылда жасөспірімдер қолымен 4000-нан аса құқық бұзушылық жасалған. Оның 23-ін қыз балалар жасаған. Тонау, өлтіру, ұрыпсоғу, бұзақылық белең алып кетті... Неге бұлай? Мұндай оқиғалар неге көбейіп кетті? Бұл келесі бір үлкен мақалаға жүк.

 

ЕЛДІҢ ИЕСІ ДЕ, КИЕСІ ДЕ, ҚОЖАЙЫНЫ ДА ҚАЗАҚ ЕКЕНІН ОЛАР СЕЗІНУІ КЕРЕК

«Қазір менің осы депутаттық сауалым жарияланысымен-ақ өз қандастарымыз жағамнан алатынын біліп отырмын, «толеранттық», «төзімділік» деген сөздерді қалқан етіп, әлеуметтік желілерде қаралайды. Осындай азаматтарға айтарым: ертең сіздің ұлыңыз келіннің орнына еңгезердей қызтекені үйге ертіп келсе немесе аялап өсірген қызыңыз еркекшорамен «отау құрып» жатса, толерантты болып батаңызды бересіз бе? Мұндай азғындық өз отбасыңызға келсе төзесіз бе?» – деп, депутат Ардақ Назаров Үкіметке депутаттық сауал да жолдады. Депутаттың ашынысы өте орынды

Осы біз кімнің қазаққа дос, кімнің қазаққа қас екенін ұмытып кеткеннен саумыз ба? Билік не қарап отыр? Қазаққа мұнайшылар емес, қауіп Своик пен ЛГБТ-дан келерін шынымен сезінбей ме? Біз экономиканы реттейміз, саясатпен айналысамыз деп жүріп, идеология мәселесін естен шығармауымыз керек. Мемлекет іргесінің берік болуы, халықтың баянды өмір сүруі үшін ең алдымен дәл осы идеология саласын реттеуіміз қажет. Мұнсыз Әділетті Қазақстанның елесі де болмайтыны ақиқат...»

Қоғам қайраткері, Қазақстан ата-аналар одағының өкілі, Республикалық қоғамдық бірлестігінің бірлескен құрылтайшысы, мүшесі, өкілі, Алматы қаласының қоғамдық кеңесінің комиссия мүшесі Бағила Балтабаева қызым осы азғындық жайлы жазып, шырылдап айтып жүр. Баяғы жартас – бір жартас. Бәрі баз-баяғы қалпында. «Жау жоқ деме, жар астында» демекші, біз көз алдымыздағы әділетсіздіктерді көрмей отырмыз. Ең қауіпті нәрсе – іштен шыққан жау жаман. Осыларды ауыздықтауымыз керек. Олар Қазақстанның пәрменін, тәртібін сезінуі тиіс.

 

Бет қатталып жатқанда:

ЕЛІМІЗДІҢ ТҰТАСТЫҒЫНА КҮМӘН КЕЛТІРГЕН СЕПАРАТИСТЕР СОТЫ БАСТАЛДЫ 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті сепаратизм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы ресми хабарлады. Сол күні облыс прокуратурасының нұсқауы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті, Полиция департаменті, Экономикалық тергеу департаменті, облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылды. Процестік прокурорлар тағайындалды. Тергеу барысында Петропавл қаласында 2023 жылғы 19 наурызда Солтүстік Қазақстан университетінің колледж ғимаратында «Халық кеңесі» тобына қатысушылар облыс орталығының 20 азаматынан тұратын топтың жиналысы өткені, олар өздерін Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ізбасарлары деп көзқарасын білдіргені белгілі болды. Жиналыс барысында олар Қазақстан Республикасынан тәуелсіз Петропавл қаласының Халық кеңесін құру туралы тілектерін білдірген. «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Халық кеңесі декларациясын» қабылдаған. Онда олар Қазақстанның мемлекет құру заңдылығын және легитивтігін мойындамаған. Оның Конституциялық құрылысын бұзуға қол сұға отыра оның тәуелсіздігін, жерінің тұтастығын жоққа шығарып отыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында іс үшін мәні бар көптеген тергеу жүргізілді, оның ішінде әртүрлі сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Саясаттанушы мен басқа да мамандардың қатысуымен комиссиялық сот психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындыларына сәйкес, сепаратизм белгілері анықталған. Қылмыстық істің жиналған материалдары негізінде «Халықтық кеңестің» үш мүшесінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 180-бабы 2-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату және Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу бойынша сарапталған. Аталған тұлғалар Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабы тәртібінде ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған баптың санкциясымен он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыру түрінде баламасыз жазалау қарастырылған.

 

СӘУЛЕ МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
20.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 16
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 11
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 52
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 154
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 157
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 341
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 334
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 958

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9034
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8430
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11657
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9412
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10639