Жазғы спартакиада басталды

Жазғы спартакиада  басталды

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі: «Ақпаннан бастап елімізде жазғы спорт түрлерінен республикалық VI спартакиада жарыстары мәреден шығады. Төрт жылда бір рет өтетін кешенді жарыс арқылы Олимпиада бағдарламасына енген спорт түрлерінен Ұлттық құрамалар жасақталады. Яғни 2024 жылы Францияның бас шаһары – Парижде өтетін жазғы Олимпия ойындарының лицензиясы сарапқа салынатын халықаралық бәсекеге қатысатын спортшылар дәл осы Қазақстан спартакиадасы арқылы іріктеледі. Спартакиадаға республикалық маңызы бар үш қала (Астана, Алматы, Шымкент) мен 17 облыстың құрамалары қатысады. Биылғы Спартакиаданың ресми ашылу салтанаты 30 мамырда Тараз қаласында ұйымдастырылды. Байрақты бәсекенің шымылдығын білекті балуандар ашады. Бозкілем шеберлері 3-8 ақпан аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында күрестің үш түрінен кіл мықтыны анықтайды. Жарыстың алғашқы екі күнінде грек-рим балуандары 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 87, 97 және 130 келі салмақтарда белдессе, 5 ақпанда әйелдер 50, 53,55, 57, 59, 62, 68, 72 және 76 келіде бозкілемге шығады. Ал 6-7 ақпан күндері еркін күрес шеберлері 57, 61, 65, 70, 74, 79, 86, 92, 97 және 125 келі салмақтарда кім мықтыны анықтайды. Мұнда күрестің әр түрінен командадағы спортшы саны 15-тен аспауы қажет. Ал 5 салмақтың қайсысына 2 балуаннан қосатынын әр команда өзі анықтай алады. Жалпыкомандалық есепке ең үздік нәтиже көрсеткен спортшының жетістігі ғана жазылады. Күрестен қайта жасақталған Қазақстан ұлттық құрамасы Спартакиададан соң бірден наурыз айында Үндістан астанасы – Нью-Делиде өтетін Азия чемпионатына дайындықты бастайды.

Айта кетерлігі, Қазақстан спортшылары 2023 жылғы Спартакиадада күрестің үш түрінен бөлек, теннис, бадминтон, гандбол, семсерлесу, каратэ, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, гимнастика, жүзу, велоспорт, байдарка есу және тағы басқа да спорт түрлерінен сынға түседі. Былтырғы жарыстың жалпыкомандалық есебінде Алматы қаласының командасы топ жарған болса, екінші орынды Шымкент қаласы, үшінші орынды Алматы облысы иеленген-ді.

Грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша жарыстар Алматы, Семей және Талдықорған қалаларында өтеді. Яғни, 2-8 ақпан аралығында Алматы қаласында «Балуан Шолақ» спорт сарайында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасы өтеді. Наурыз айында Абай облысы Семей қаласында 15-20 жас аралығындағы жастар белдеседі. Сәуір айында Жетісу облысы, Талдықорған қаласында (U17) және (U 23) жас топтары арасында балуандар кездеседі», – деп хабарлайды. 

Ермек Сахариев
10.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 136
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 135
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 650
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 769
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 683
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 693

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8830
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8228
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11455
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9212
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10439