Жазықсыз жастар сотталмасын

Жазықсыз жастар сотталмасын

Болары болып, бояуы сіңіп үлгірмеген кезеңде отырмыз. Бояу демекші, “бояушы, бояушы дегенге сақалын бояпты” деген мәтеліміз бар. “Шаш ал десе, бас алады” деген де біздің мәтел. Бекер айтылмаған. Ғасырлар бойы өмірлік тәжірибеден сұрыпталып шыққан сөздер.

Пәлен мың содыр, лаңкес, қоғамдық тәртіп бұзушы, тонаушы-қылмыскер ұсталды деп жатыр. Енді осы лаңкесін бөлек бөліп, бір қораға, қоғамдық тәртіпті бұзушылар мен мародерлерді бөліп, бөлек қораға қамап, жаза шығарарда ойланған абзал. “Біреу қыз алып қашыпты, біреу босқа қашыпты” деген де біздің сөз. Сол тұрғыдан қарау керек. Әлбетте, оқиғаға қатысушы заңды бұзып, қылмысы дәлелденсе, ол - айыпты. Бірақ, әр қылмыстың өзіне сай жазасы болады емес пе. Дүрбелең кезінде көрсеқызарлығы ұстап дүкенге кіріп, зат ұрлаған немесе “халықтық шеру екен, мен де үні бар азаматпын ғой!” деп көзқарасы үшін алаңға шыққандарды ешуақытта лаңкеске теңеп, оған ауыр жаза кесу - әділеттің ісі болмайды. Осыған құқық қорғаушы, күштік органдар баса назар аудару керек. Кезінде Атырау жақта бір сұлтан мал ұрлаған 10 жігітті ұстап ап, ашу үстінде Сібірге айдамақшы болыпты. Сол кезде дуанның қариялары сұлтанға барып: “Сен 10 адамды емес, 60 адамды итжекенге айдатқалы отырсың!” деген екен. Сонда сұлтан: “Қайдағы 60 адам, алдарында 10 жігіт тұрған жоқ па?!”- депті. Сол кезде қариялар айтыпты дейді: “Мына тұрған әр жігіттің белінде 6 баланың ұрығы бар. Егер сен бұлардың көзін құртсаң, қазақ 10 кісіге емес, 70 кісіге кемиді!”. Сұлтан ақылды болмаса, несі сұлтан, тез ұғына қойып, райынан қайтқан көрінеді. Әр 10 жігітке қылмысының салмағына сәйкес айыппұл салып, қоя берген дейді. Осының бәрін неменеге тәптіштеп жазып отырғанымды түсініп отырған боларсыздар. Талай жауынгерден, полиция және қауіпсіздік қызметінің офицерлерінен, бейбіт тұрғындардан, кіп-кішкентай балалардан айырылдық. Үлкен трагедия! Олардың орнын ешкім толтыра алмайды. Әсіресе ата-ана үшін. Солардың өліміне нақты қатысы барларды аяусыз, қатаң жазалау керек! Оған дау жоқ! Алайда біреудің ауыр қылмысын я болмаса бұрындары ашылмай жатқан қылмыстарды жас жігіттеріміздің мойынына іле салу болмасын! Әрқайсысының қылмысын нақты анықтап, істі әділ жүргізу жоғарғы биліктің де, қоғамның да бақылауында ұстау мүмкін емес. Сондықтан біздің тергеушілер, өзге де құқық қорғаушы мамандар! Ашу үстінде, әріптесімнің өшін алам деп, болмаса істі тезірек бітірем деп науқаншылыққа салынып, жас балаларға біреудің ауыр қылмысын нақақтан нақақ жаба салуға жол бермеңіздер. Адам көрмесе де, Алла көріп тұр. Соны ұмытпаңыздар. Кез келген әділетсіздікке - Құдай тарапынан жаза бар, кез келген әділеттілікке - Тәңір тарапынан сауап бар. Әрі беріден соң, Ардың соты жаман. Ол тозақ отынан да бетер күйдіреді...

Ақберен Елгезектің «Фейсбук» парақшасынан алынды
12.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 208
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 204
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 709
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 832
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 746

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8903
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8297
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11525
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9281
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10509