Жедел медициналық көмек бөлімшелері кімдерді емдейді?

Жедел медициналық көмек бөлімшелері кімдерді емдейді?

Астанада емханаларда пилотты режимде жедел медициналық көмек бөлімшелері ашылды. Қалалық №4, №5 және №10 емханаларда жыл басынан жедел медициналық көмек бөлімшелері іске қосылды. Негізгі мақсат – стационардағы дәрігерлер жүктемесін азайту және шұғыл алғашқы көмек қолжетімділігін арттыру. «Біздің бөлімше жұмыс күндері сағат 8:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұнда травматолог пен хирург, терапевт дәрігерлер қабылдау жүргізеді, шұғыл қажет болған жағдайда науқастарға стационарда кезек күтудің қажеті жоқ. Фильтр кабинетте жоғары дене қызуы, мұрыннан су ағу сынды маусымдық ЖРВИ, өзге де инфекция белгілерімен, ал қалған науқастарды шұғыл алғашқы медициналық көмек бөлімі қабылдайды», – дейді №10 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Арман Әлібеков.

Айта кетейік, жедел жәрдем көмегіне жүгінетін науқастар денсаулық жағдайына қарай 4 санатқа бөлінеді. Өмірге және денсаулыққа қаупі бар тізімге алғашқы 3 категория жатады. Енді 4-санаттағы науқастар, яғни өміріне аса қауіп төнбей, созылмалы аурулары асқынған немесе жедел өткір ауруларға тап болған тұрғындар тікелей емханаға барып, медициналық көмек ала алады.

Ермек Сахариев
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35586