Жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы өседі

Жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы өседі

Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысын көтеруге қатысты Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Жоба ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды. «Қазіргі уақытта жедел медициналық жәрдем жүргізушілерінің арасында жалақының төмендігі бөлігінде резонанс байқалады. Бұл ереуілдерге (Жаңаөзен қаласында, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында) алып келіп жатыр. Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігі ерекше еңбек жағдайлары үшін базалық лауазымдық айлықтан 200 пайыз мөлшерінде жаңа қосымша ақы белгілеуді ұсынады», – делінген қаулы жобасында. Ведомствоның атап өтуінше, алғашқы көмекті уәкілетті орган белгілеген тәртіппен медициналық білімі жоқ адамдар да көрсете алады. Медициналық білімі жоқ адамдарды алғашқы көмек көрсету дағдыларына даярлау 3 жылда бір рет кезеңмен жүргізіледі. Міндетті түрде алғашқы көмек курстарынан өтуге жататын медициналық білімі жоқ адамдардың контингентіне медициналық білімі жоқ денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері, оның ішінде жедел жәрдем жүргізушілері де кіреді. «Осыған байланысты, жедел жәрдем жүргізушілері жұмыстарының кеңейтілген сипаттамасын ескере отырып, оларға ерекше еңбек жағдайлары үшін базалық лауазымдық ақыдан 200 пайыз (35 394 теңге) мөлшерінде жаңа қосымша ақы белгілеу ұсынылады», – деп атап өтеді министрліктен. Қаулы 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

ҚазАқпарат
10.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 12
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 20
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 26
 ШАРДАРАЛЫҚ 9 ОҚУШЫ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ИСПАНИЯДАҒЫ ЖАРЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.04.2024 24

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 997
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7046
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10890
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7115
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7257