2023 жылдың 26 қазанында Қаратау қаласында жылдамдығы 16-22 м/с (57-72 км/сағ), желдің екпіні 23-28 м/с (80-100 км/сағ) шамасында оңтүстік-батыстан қатты дауылды жел тұрып, салдарынан сағат таңғы 9.30-дар шамасында Қаратау қаласы, 3 мөлтек ауданы №37 көпқабатты тұрғын үйдің шатырының бір бөлігі зақымданған болатын.
Қазіргі уақытта аталған тұрғын үйдің зақымданған шатыр жабыны жергілікті кәсіпорын «Талас Инвест Компани» ЖШС-нің демеушілігімен толық қалпына келтірілді.