«Желтоқсан саябағы» болашақ депутаттардың назарында

«Желтоқсан саябағы» болашақ депутаттардың назарында

Желтоқсан көтерілісінің ошағы Алматы қаласын тәуелсіздігіміздің бесігі деп атап жүр. «Бүкіл төрткүл әлемді дүр сілкіндірген бұл көтеріліс болмағанда КСРО империясы ыдырап, оның құрсауындағы мемлекеттер бостандыққа шыға алар ма еді?» деген сауал орынды қойылып жүр. Қалай болғанда да Желтоқсан қаһармандарының жасаған ғаламат ерлігі бүкіл әлемді таңғалдырды. Жап-жас өндірдей жастардың алып империяға тайсалмай қарсы шығуы онсыз да булығып отырған өзге ұлт өкілдеріне рух берді. Осы бұлықсыған рух өзінің жемісін берді.  Көп ұзамай-ақ империяның көнетоз ескі шапаны шетінен сөгіліп, ыдырай бастады. Құлдықтан құтылған бостандықтағы миллиондаған бұрынғы КСРО-лықтар қазаққа осы күнге дейін алғыс айтады.

Көтеріліс күркіреп өткен Алматы қаласы Желтоқсан қаһармандарына нендей құрмет көрсетті? Тәуелсіздік алаңындағы Желтоқсан көшесінде ескерткіш бар. Көтерілістің 35 жылдығында айдай әлемге паш етіп «Желтоқсан саябағын» ашты. Ол салтанатқа қала әкімінің орынбасары, басқа да белгілі-белгілі қоғамдардың басшылары, көптеген желтоқсандықтар, зиялы қауым қатысты. Көп уәделер берілді. Көлемі 110 гектар бұл саябаққа мұражай, алып ескерткіш, мешіт және басқа да көптеген демалыс орындары салынатын болды. Міне содан бері 2-3 жыл өтіпті. «Желтоқсан саябағында» не істелді? 

Саябақтың бір қалтарысына «Желтоқсан 86» деген биік монумент қойылыпты. Алдына жас шыбықтар егілген. Жазуы бар жағына суретке түсу мүмкін емес. Екінші жағы жалаңаш. Ең болмаса сол бос жерге Желтоқсан қаһарманының суреті салынбаған. Осы жағына екі-үш орындық пен тасжол салынған. Одан басқа ештеңе жоқ. Негізінде «Желтоқсан саябағының» территориясы екіге бөлінген. Ортасында алып аңғар, оның қақ ортасын жарып өзен ағып жатыр. Әдемі көрініс. Бірақ өзеннің айналасы батпақ. Жазда күн ысығында сасық иіс шығып кетуі мүмкін. Біздіңше, «Желтоқсан 86» монументі өзеннің бір жағына, яғни салтанатты жиналыс болған бөлігіне салуы тиіс еді. Сол жиналыста көптеген жақсы пікірлер айтылған болатын. Бірақ орындалуы әзірге көңіл көншітпейді. 

Жоғарыда екі бөліктің ортасында алып жатқан аңғар, өзен барын айттық. Содан соң ортада жаяулар жүретін көпірдің ар жағында әдемі көл жатыр. Оны халық Әуежай (аэропорт) көлі деп атап кетіпті. Ал өзен мен аңғардың аты жоқ. Оны біз өзімізше «Желтоқсан өзені», «Желтоқсан аңғары» деп атап қойдық. Осы атаулар ресмиленсе деген тілегіміз бар. Саябақтың жиналыс болған бөлігіне алаш арыстары аллеясы сияқты етіп мешіт, мұражай салынса. Сондай-ақ Желтоқсан көтерілісінің көрінісін беретін алып панорама сомдалса. Халал мейрамхана, субұрқақ, басқа да Желтоқсан көтерілісшілерінің есімдері жазылған зор тақта жасалынуы тиіс.

Мәжіліс депутаттығына үміткерлер Желтоқсан қаһармандары Бақыт Байниязов пен Асан Смағұловтың бағдарламаларында осы айтылған мәселелер бар. Бүгін біз «Желтоқсан саябағы» жөнінде бірнеше Желтоқсан батырларын әңгімеге тартқан едік.

Ыдырыс Аяп, «Тәуелсіздік – 1986 – Желтоқсан» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары:

– Желтоқсан көтерілісі Қазақ энциклопедиясына енгендіктен, Қазақстан тарихында рөлі зор деп есептеймін. Түрксіб ауданы әкімшілігінің берген сыйын ұстап қалуымыз керек. Әйтпесе тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетуі мүмкін. Ақшасы бар біреулер мейрамхана, дәмхана, қонақүй, сауна, т.б. салып, жынойнаққа айналдырып жібермесіне кім кепілдік бере алады? Қазір құбылып тұратын сұрқия саясатқа сенім жоқ. Бірлестігіміздің төрағасы Байниязов Бақыт Серікбайұлы Мәслихат депутаты болуға бағын сынап жатыр. Сайланған күнде осы мәселелерді қолға алу керек деп ойлаймын. Бұл жерде міндетті түрде мешіт салынуы тиіс. Ол «Желтоқсан мешіті» деп аталса! Желтоқсандықтар мәңгі жас болып тұрмайды. Қайтыс болған ардагер желтоқсаншылар осы ауылдағы қорымға тегін ақысыз жерленіп, қырқы, асы  мешіттің қасындағы асханада беріліп, Құран оқылуы керек. Мысалы Талғар ауданы Жаңалық ауылында салынған «Алаш арыстары» мешітінен неге үлгі алмасқа! Қасында ас беретін асханасы, алаш арыстарына арналған мұражайы бар.

Күміскүл Төлебаева, желтоқсаншы: 

– Иә, осы игі істердің орындалуын мен де қалаймын. Қаншама боздақтарымыз қайтыс болып кетті. Олардың ұрпақтары, туған-туыстары осындай саябақ, мешіт, мұражай барын білуі керек. Бала-шағаларымызбен келіп демалатын жақсы бір орынға айналса деймін. Желтоқсаншылардың талап-тілегін, мұң-зарын тек ішінде жүрген Бақыт Серікбайұлы сияқты Желтоқсан ардагері ғана түсініп, жоғары жаққа жеткізе  алады деп ойлаймын. 

 

ШАРГҮЛ ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
09.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 74
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 596
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 712
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 625
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 635

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8767
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8166
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11395
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9149
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10380