ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР ӘДІЛ СОТ БОЛУЫН ТАЛАП ЕТЕДІ!

ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР ӘДІЛ СОТ БОЛУЫН ТАЛАП ЕТЕДІ!

Еске сала кетейік, «Желтоқсан – 86» бірлестігі желтоқсаншыларды лаңкеске теңеген шенеунікті бұған дейін сотқа берген еді. Оның алдында «Аманат» партиясының Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы филиалының төрайымы Лариса Ловягина «1986 жылы 16 желтоқсанда Алматыдағы көтеріліс кезінде көшеге шыққандардың барлығы террорист болған» деген. Шенеуніктің бұл сөзін әлемжеліге алғаш Жеңіс Оспанов атты азамат таратты.

Арада бір күннен кейін Ловягинаның кінәсін мойындап, кешірім сұраған видеосы тарады. Бұл оқиға жөнінде газетіміздің тілшісі Шаргүл Қасымханқызы «Басынбасын басқалар қайсар мінез қазақты» деген атпен мақала жазған болатын. Таяуда бір топ Желтоқсан ұйымының мүшелері сотқа қатысып қайтты. Көңілдерінде кірбің бар. Сот процесі әділетті түрде өтіп жатпаған сияқты. Нақты дәлел бар, сонда оған не кедергі болуда?..

«Сандықтаудағы сот әлі біткен жоқ. Алайда біз соттан кейінгі уақытта жайбарақаттыққа салынып кеттік. Бұл мүлдем дұрыс емес. Сотта біздің белгілі бір дәрежеде жетістікке жетуіміз әлі де болса жеткіліксіз. Оның үстіне біз билік жүйесінің партиясымен соттасып жатырмыз. Ол жақта адмресурс деген пәле бар. Сондықтан біздің жайбарақаттыққа салынғанымыз жөн емес. Бүгінде біздің іс-әрекетімізге бүкіл республиканың жұртшылығы қарап отыр. Ертең біздің осы әрекетімізге баға беретін болады. Қоғамда өзіміз туралы нақты пікір мен сыйластық қалыптасады. Басқа шовинистер мен отаны мен ұлтын сатқан опасыздарға, шетте жүрген арандатушыларға және шеттен келген келімсектерге сабақ болады.

Енді ол үшін не істеуіміз керек деген сұрақ туындауы мүмкін. Біріншіден, біз өткенде келіскен бойынша жәбірленушілердің қатарын көбейту керекпіз. Ол үшін осыған дейін протокол толтырмаған ұйымдар өз бірлестігінде жиналыс өткізіп, өз ұйым мүшелерін де Ловягинаның қорлауынан жәбірленуші деп танып, сотта өздерінің мүдделерін қорғайтын өкіл тағайындауы керек. Бізде әзірге бес қана ұйым жәбірленуші болып тіркеліп отырмыз. Оның төртеуіне мен өкілмін. Шымкент бойынша Сәбит Исабек.

Екіншіден, келесі сот мәжілісіне неғұрлым көбірек адам баруы керек. Көпшілік қайткенде өз сапалық көрінісін көрсетеді. Біз неғұрлым көп болсақ, соғұрлым біздің бірлігіміз, татулығымыз, шынайы патриоттығымыз және ең бастысы республикалық деңгейде қалыптасқан тұтас бір үйлестірілген ұйым екендігімізді айғақтайды. Яғни біз КҮШПІЗ. Ал күш – қашанда жеңіске жетелейтін негізгі компонент.

Енді қазіргі уақытта біз осы сараптаманың қорытындысын күтудеміз. Қорытынды келген кезде сот істі қайтадан жандандырып, тараптарға хабарлау жолымен сот тергеуін жалғастыратын болады. Алдағы сот тергеуінде сараптама қорытындысымен танысу, сарапшының пікірімен танысу болады. Осыдан кейін сот тараптармен бірлесе отырып, жинақталған іс материалдарын саралап шығады. Сосын тараптар жарыс сөзге шығады. Жарыс сөз аяқталған соң судья кеңесу бөлмесіне оқшауланады. Артынан дайын болғанда залға келіп тараптарды сот үкімімен таныстырады. Дегенмен Ловягинаның жақтастары да бүгінгі күні тыныш жатпай тырнақ астынан кір іздеп, өздерінің қоғам мен ұлт мүддесіне қарсы әрекеттерін ақтап алу мақсатында небір жағымсыз әрекеттерге баруда. Олар сотталушының айыбы дәлелденгенін ұққан сияқты. Сондықтан енді осы процесті тікелей қолға алып, заң аясында әрекет ету нәтижесінде тиісті межеге жақындатқан менің жеке басыма шабуылға шыққан сияқты. Яғни, әлеуметтік желіге «Николай Добронравов» деген лақап есіммен тіркеліп, мен туралы жағымсыз мәліметтер таратуда. Алайда бұл қитұрқы әрекеттер менің өз ұстанымымды өзгертпейді және азаматтық позициямды толық нәтижеге қол жеткізгенше тежемейді».

Әлібек АЛМАБАЕВ, «Желтоқсан - 86» бірлестігі төрағасының орынбасары, заңгер
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

 ШАРДАРАЛЫҚ 9 ОҚУШЫ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ИСПАНИЯДАҒЫ ЖАРЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.04.2024 18
СОЗАҚТА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ӨТУДЕ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.04.2024 27
Бақылау шараларының нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілді
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті - 24.04.2024 51

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 988
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7039
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10882
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7107
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7249