Жемісті жетпіс жоба – инвестиция игілігі

Жемісті жетпіс жоба – инвестиция игілігі

Былтыр Тұрар Рысқұлов ауданында жалпы құны 451,8 миллион теңгені құрайтын 33 жоба жүзеге асырылса, биыл 6,5 миллиард теңгеге 70 жоба ел игілігіне айналып, 700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жалпы 2022-2025 жылдар аралығында аудан аумағында 195 ірі және шағын инвестициялық жобаларды іске асыру көзделген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында аудан әкімі Ернар Есіркепов жан-жақты тоқталып өтті.

Жалпы, ауданның сан саласында нәтижелі жұмыстар аз емес. Алдағы жоспарлар да ауқымды. Алдымен аудан әкімі жыл басынан бері жоспарлы жұмыстарды саралай келіп, биыл пайдалануға берілетін нысандарды тілге тиек етті.

– Биыл бірінші жартыжылдықта ауданымыздағы 3 елді мекенге, атап айтқанда Жаңатұрмыс, Қазақ, Сәлімбай ауылдарында орталықтандырылған ауыз су жүйесі іске қосылып, ел игілігіне берілді. Сонымен қатар, Құлан ауылындағы «Арай» тұрғын үй алқабындағы 80 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйлердің алғашқы нүктесі пайдалануға берілсе, екінші нүктесін жыл соңына дейін пайдалануға береміз деп жоспарлап отырмыз.

Одан бөлек, Луговой ауылындағы бұрынғы кеден қызметкерлерінің үйлерін мұқтаж 20 отбасыға табыстайтын боламыз.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Көкдөнен ауылдық округі Жақсылық ауылынан 75 орындық балабақша ашылды.

Бүгінгі таңда Шолақ Қайыңды ауылына табиғи газ құбырын тарту жұмыстары басталды.

Аудан тұрғындарының жүйелі спортпен шұғылдануын және инфрақұрылымды дамыту мақсатында құны 856,5 миллион теңге болатын 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады. Одан бөлек, Көгершін ауылынан 90 орындық мәдениет үйі пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Ақыртөбе ауылынан мәдениет үйінің және Жаңатұрмыс дене шынықтыру- сауықтыру кешені құрылысының жұмыстары басталатын болады, – деді Ернар Серікәліұлы.

Аудан басшысының айтуынша, ауданда қант өнеркәсібін дамыту мақсатында егін алқабының көлемі екі есе артыпты.

Одан бөлек, ауданда жұмыссыздықты азайту мақсатында әкімдік, Құлан агротехникалық жоғарғы колледжі және аудандағы ірі жұмыс беруші кәсіпорындармен үш жақты меморандумға қол қойылған. Осы бағытта жалпы 150 білімі жоқ жұмыссызды оқытып, жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр екен. Өз сөзінде аудан әкімі каналдардың мәселесін де атап өтті. Қазіргі таңда Т.Рысқұлов ауданы бойынша 18 канал бар болса, оның 11-і аудан әкімдігінің теңгерімінде. Оның біреуін қайта жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, бүгінгі күнге құрылыс бөлімі арқылы конкурсқа құжаттары әзірленіп жатса, қалған 10 каналға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 50,5 миллион теңге қаражат қарастырылыпты.

Сонымен қатар, аудан әкімі игілігі мол инвестициялық жобаларға да кеңінен тоқталып өтті.

– Бүгінгі күнге ауданда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 6684 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,6 пайызға артқан. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылған адамдар саны өткен жылдың қорытындысымен 7293 адамнан асып, жыл басымен салыстырғанда 5,1 пайызға өскен. Аудан бойынша 2022-2025 жылдар аралығында іске асырылатын инвестициялық жобалардың жалпы құны 61,9 миллиард теңгені құрайтын 195 ірі және шағын инвестициялық жобалар айқындалып, былтыр жалпы құны 451,8 миллион теңгені құрайтын 33 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде тұрақты 106 жұмыс орны ашылды. Биыл құны 6,5 миллиард теңгені құрайтын 70 жоба жүзеге асырылатын болады. Бүгінгі күнге 237,1 миллион теңгеге 14 жоба толық іске асырылып, нәтижесінде 29 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды, – деді бұл туралы аудан әкімі.

Ернар Серікәліұлы өз баяндамасында аудандағы өзекті мәселенің бірі – жайылым жерлердің тапшылығы екенін айрықша атап өтті. Бұл бағытта елді мекендердегі жайылым жерлердің пайдалануына зерделеу жұмыстары жүргізіліпті. Нәтижесінде 143 мың гектар жайылым жер жетіспейтіндігі анықталыпты. Аудан басшысы бұл ретте биыл қосымша елді мекендердің жайылымын ұлғайту үшін 9,0 мың гектар жер учаскесі қосылып берілетінін жеткізді.

Аудан әкімі басқосу барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тарапынан сан салаға қатысты айтылған сауалдарға жауап берді.

Нұржан ҚАДІРӘЛІ, Ақжол газеті
12.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 129
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 167
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 163
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 129
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 273
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 277
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 490
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 449

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9148
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8546
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11774
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9541
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10754