Жемқорлық – індет, жою – міндет

Жемқорлық – індет, жою – міндет

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес, Президенттің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілген.

 

Осыған орай, облыстық әкімдікте облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Әбдірайымовтың төрағалығымен кеңес отырысы өтті.

 

Әуелі сөз алған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша Департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары Ербол Бақтыхожаев қоғам дертіне қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

 

Сонымен қатар, кеңес отырысында облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Жарылқасын Айтақовтың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы есебі тыңдалды.

 

Айта кету керек, облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасынан бөлек, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт басқармалары басшыларының есебі де тыңдалуы тиіс болатын. Алайда, екі басқарманың да басшыларының орнына орынбасарлары келгендіктен, кеңес мүшелерінің қарсылық білдірулері негізге алынып, аталған басқарма басшыларының есептерін тыңдау кейінге қалдырылды.

 

Отырыс барысында кеңес мүшелерінің қойған сауалдарына еңбек инспекциясы басқарма басшысы нақты жауаптар берді. Сонымен қатар, бірқатар ұсыныстар айтылды.

Мақпал СҮЙІНБАЙ.
27.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 174
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 171
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 282
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 284
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 500
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 457

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9155
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8554
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11781
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9549
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10762