Жеңілдетілген автонесие алғыңыз келсе...

Жеңілдетілген автонесие алғыңыз келсе...

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың хабарлауынша, биыл қаңтардың соңына дейін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта іске қосылады. «Өткен жылы наурызда автонесие сомасы 10 миллион теңгеге дейін деп белгіленді. Ал автокөлік құны 15 миллион теңгеден аспауы керек. Халыққа қолжетімді болу үшін бағдарламада қымбат көліктер қарастырылмаған. Автонесие бағдарламасын айдың соңына дейін бастаймыз. Осы аптада өнеркәсіпті дамыту қоры баспасөз мәслихатын өткізеді, сонда толық ақпарат беріледі. Бұл жерде бағдарламаның механизмін қайта қарау мәселесі тұр. Бұған дейін клиенттер алдымен автосалонға жүгініп, содан соң банкке баратын. Өнеркәсіпті дамыту қоры басқа тетікті ұсынып отыр», – деді Марат Қарабаев. Ведомство басшысының айтуынша, қайта іске қосылатын бағдарламадағы жаңашылдықтың бірі электронды кезек болады.

Ермек Сахариев
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5237
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5396
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20360
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18996
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22461