«ЖЕР АМАНАТЫ» КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«ЖЕР АМАНАТЫ» КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2023 жылдың соңында жылды қорытындылау, жыл бойы атқарылған жұмыстарға есеп беру мақсатында АMANAT партиясы аудандық филиалы жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясының отырысы өтті. Аталған отырысқа партияның аудандық Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, Мойынқұм аудандық мәслихатының төрағасы, депутаттық фракция мүшелері, аудандық прокуратура қызметкері мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Комиссия отырысы партияның аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкімбаевтың төрағалығымен өтіп, күн тәртібіне сәйкес «2023 жылы аудан аумағындағыауылшаруашылықмақсаттағы жерлердің мақсатты пайдаланылмай жатқанын немесе игерілмей жатқанын анықтау және оларды мемлекет меншігіне қайтару бойынша атқарылған шаралар туралы» аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Эльдар Кокушевтің есебітыңдалды.
-Мойынқұм ауданының жалпы жер көлемі 5 045 071 гектар, оның ішінде: ауыл шаруашылығындағы жерлер 724 993 гектар, елді мекендердің жерлері 58 104 гектар, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге мақсатқа арналған жерлер 12781 гектар, орман жер қоры 1 925 594 гектар, су қорының жері 316 067 гектар, босалқы жерлер 552 495 гектар, басқа облыстар немесе басқа мемлекеттердің қолданысында (Сарышаған полигоны) 1 455 037 гектарды құрайды. Полигон 1995 жылы құрылып, 2005 жылы келісімшарт ұзартылды, 2015 жылы келісім шарт қайтадан ұзартылды.
Мойынқұм ауданы бойынша 2023 жылға мемлекет меншігіне игерілмеген жерлерді қайтару жоспары 38000 гектар. Бүгінгі таңда мемлекет меншігіне қайтарылған жердің көлемі 41860,6841 гектар оның ішінде 163,92 гектар суармалы егістік, 40772,7641 гектар жайылымдық, 924,0 гектар шабындық. Аудан бойынша 2023 жылға мемлекет меншігіне игерілмеген жерлерді қайтару жоспары 120% -ды құрап, жылдық жоспар артығымен орындалып отыр.
Жер аманаты бойынша ауданда 2023 жылға мемлекет меншігіне игерілмеген жерлерді қайтару жоспары 7 600 гектар болса, қайтарылған жердің көлемі 41 860,6841 гектар, жылдық жоспар 551%- ға орындалып тұр. Мемлекет меншігіне қайтарылған жерлердің 3 857 гектары конкурс арқылы қайта айналымға енгізілді, -деп бүкпесіз айтты.
Сонымен қатар қазіргі таңда бос жатқан немесе бос емес жер телімдері туралы ақпаратты білу үшін жер бөліміне немесе басқа да кадастрлық қызметтерге жүгіну міндетті емес екенін жеткізген Эльдар Алтынбекұлы кез-келген тұрғын Aisgzk.kz сайтынан www.aisgzk.kz/aisgzk/ ru/content/14/ сілтемесі арқылы көре алатынын жеткізді.
Баяндамадан кейін комиссия мүшелері тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді.
Жиын соңында атқарылған жұмыстың қорытындысы шығарылып, алдағы міндеттер айқындалды.
Елдос ЕРҒАБЫЛҰЛЫ, «Мойынқұм таңы».
06.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 161
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 167
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 381
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 349
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 964

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9042
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8438
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11666
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9427
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10646