Жер заңнамасын бұзсаң, жауапкершілікке тартыласың

Жер заңнамасын бұзсаң,  жауапкершілікке  тартыласың

Жерді пайдалану мен қорғау мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне қандай өзгерістер енетінін түсіндірген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев: «Халықты жеке ауладағы жайылым жерлерімен қанағаттандыру мақсатында 2022 жылы жергілікті атқарушы органдар бірнеше шара жүргізді, іргелес жатқан бос жерлерді елді мекендер жеріне қосу арқылы шекаралары 421,2 мың гектарға кеңейтілді. Бос жатқан жерлерден 2,4 миллион гектар жергілікті тұрғындарға қайта бөлінді, 22,7 мың гектар ауылшаруашылығы алқаптары жайылымға ауыстырылды. 325,5 мың гектар халықтың жайылымдарға қажеттілігін қанағаттандыру үшін алынды және 1,2 миллион гектар жер резервке қойылды. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік бақылауды жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда. Мәселен, министрліктің бастамасымен жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі Заң жобасы әзірленді. Ол ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында және биылғы 18 қаңтарда екінші оқылымға шығарылады. Заң жобасы бірқатар елеулі түзетулер енгізуді көздейді: жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының жер заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілігін күшейту; меншігінде жайылымдық және шабындық алқаптары бар адамның елді мекен жерлерінде заңсыз шөп шабу және мал жаю мәселесі бойынша жауапкершіліктерін белгілеу және басқалары. Министрлік осы түзетулерді жарты жылда қабылдау үшін барынша күш салуда», – деді.

Ермек Сахариев
19.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 360
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 503
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 349
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 205

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18262
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18120
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33310
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31862
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35594