Жерасты өткелі жөнделіп, пайдалануға берілді

Жерасты өткелі жөнделіп, пайдалануға берілді

Тараз қаласы тұрғындарының өтініші орындалды. Сәтбаев көшесінде орналасқан жерасты өткелі жөнделіп, пайдалануға берілді. 

«Жасыл ел - Тараз» мекемесі екі аптаның ішінде ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарын толық аяқтады. Сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өткелге жарық шамдары, қоршаулар мен жедел операциялар орталығына қосылған бейне бақылау камералары орнатылды.

Мамандар тұрғындарға жайлы жағдай жасауды да назардан тыс қалдырмаған. Жерасты өткелінің ішінде 2 орындық пен ақпараттық тақта орнатылған. Айналасы да абаттандырылды.

Енді осы аумақтың тұрғындары, әсіресе Тараз өңірлік университетінің  студенттере еш алаңдамай жерасты өткелін пайдалана алады.

09.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14727
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14627
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29780
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28397
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31953