🔰«Зерек ұстаз» республикалық шығармашылық байқауынан облыс ұстаздары жүлделі орындар иеленді

🔰«Зерек ұстаз» республикалық шығармашылық байқауынан облыс ұстаздары жүлделі орындар иеленді
🔹Математика пәні мұғалімдерінің мәртебесін көтеру, құзіреттілігін арттыру, кәсіби шеберлігінің дамуына ықпал ету мақсатында 2023 жылдың 3-4 қараша күндері Алматы қаласында математика пәні мұғалімдері арасында «Зерек ұстаз» Республикалық шығармашылық байқауы өтті.
✅Байқаудың нәтижесі бойынша Жамбыл облысының математика пәнінің мұғалімдері жүлделі I, II, III орындарды иеленіп, жеңімпаз атанды және ақшалай сыйлықтарды ұтып алды.
📌Байқауда жалпы 10 педагог жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, І орынды және 50 мың тенге қаржылай сыйлықты, Тараз қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Муратбаев Айбек Серікұлы, Б.Момышұлы атындағы №45 гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Кеңесов Бауыржан Бақытжанұлы және №125 "EDUCATION" ЖШС орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Жаңабаев Нұрсұлтан Бақытжанұлы, ІI орынды облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Рысбаев Жомарт Бейбітханұлы, облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Серікбаев Наурызбай Серікбайұлы, ІII орынды облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Таубаев Сержан Серікұлы, №125 "EDUCATION" ЖШС орта мектебінің математика пәнінің мұғалімдері Қалыбай Асланбек Доқтырбекұлы және Артықбаев Тимур Муталипұлы, Қордай ауданы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Рзахметова Гульнар Қыснақбайқызы мен №32 В.Маяковский атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Өтеубаева Жанар Абдібайқызы иеленді.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
07.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14373
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14300
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29443
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28077
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31608