ЖЕРЛЕСІМІЗ - ЕКІ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

ЖЕРЛЕСІМІЗ - ЕКІ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
Күні кеше ғана жерлесіміз, Белбасар ауылының тумасы Бақыт Сейдіш Астана қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарып, жеңімпаз атанды.
Шулық былғары қолғап шебері осылайша екі дүркін Азия чемпионы атанып отыр. Ол бұған дейін Испания мемлекетінің Аликанте қаласында өткен бокстан жастар арасындағы Әлем Чемпионатында жеңімпаз атанса, Иорданиядағы Азия чемпионатында да алтыннан алқа тағынған еді.
Енді міне, Бақыт Саматқызы өзінің шын мықты екенін тағы бір мәрте дәлдеп, әлемдік аренада әнұранымызды шырқап, көк туымызды қайта желбіретті.
Жерлесімізді ауданымыздың атынан осы жеңісімен құттықтай отырып, жеңісті жолының жалғаса беруіне тілектестігімізді білдіреміз!
Бақытжан Жәнібеков, Шу ауданының әкімі
06.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14366
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14293
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29437
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28072
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31603