«Жетікөлде» халықаралық турнир өтті

«Жетікөлде» халықаралық турнир өтті

Түркістан облысы Отырар ауданындағы «Жетікөл» балық аулау аймағында «Көлдер жүйесін жаңғырту» жобасы қолға алынған-ды. Жоба аяқталған жағдайда Түркістан қаласының экологиялық жағдайы жақсарып, шағын-орта бизнесті және туризмді дамытуға жол ашылады деп күтілуде. Онда қосымша 300 млн куб метр су жиналып, ерекше қорғауға алынып, рекреациялық аймақ атанады. Айналасына ағаштар егіліп, орман алқаптары көбейеді. Нәтижесінде қаланың микроклиматы жақсарып, халық демалатын орын болады деп күтілуде. 

Міне, осы Жетікөлде ҚР «Спорттық балық аулау» Федерациясы мен Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен қайықтардан спиннинге балық аулау бойынша «Turan fest» халықаралық турнир болып өтті. Оған 12 елден, атап айтқанда, Ресей,  Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан елдерінен келген спортшылар бақ сынады.

Турнирдің салтанатты ашылу іс-шарасын ашып берген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов балық аулау туризмінің ұлттар мен мемлекеттердің бір-біріне деген достық қарым-қатынасының нығаюын, кәсіп көзі мен мәдени байланыс орнатуға тамаша мүмкіндік беретінін атап өтті. «Халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отырған шара туризмнің кең қанат жайып, спорт саласына соны серпін беретін ауқымды жоба болмақ. Біз өз тарапымыздан туризм мен спортты ұштастыра отырып, өңірдегі су туризмін дамытуды қолға алдық. Түркістанға зиярат етіп келетін туристер енді балық аулап, табиғат аясында демалу мүмкіндігіне ие болады. Климаты ыстық Түркістанға су каналдарын кіргізу республика бойынша су спортынан бірінші орында келе жатқан облыстың спорт саласына үлкен серпін береді. Бүгінгі «Жетікөл» балық аулау аймағында өтіп жатқан жарыс Түркістан облысында туризмді дамытудың тағы бір бағыты болады деп сенемін. «Спорт – бейбітшілік елшісі» деген сөз бар. Халықаралық жарыс мемлекетаралық достыққа, спортшылар арасындағы жолдастыққа ұлассын. Бәріңізге сәттілік!», – деді облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.

Облыс әкімінің орынбасары кәсіби аңшылық пен балық аулау турларын ұйымдастырушылардың, яғни аутфитерлердің осындай жарысты маусым сайын ұйымдастыра отырып, туризм саласына ондаған миллиард доллар пайда түсіретінін тілге тиек етті. Сәкен Амангелдіұлы Түркістан облысында туризм мен спортты ұштастыра отырып, өңірдегі су туризмін дамытудың қолға алынғанын айтып, осы бағыттағы жүйелі жоспарлармен бөлісті. Ол үшін ең бірінші «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылғы дейінгі кешенді жоспары» аясында ірі су нысандары салынуда. Метеорологтардың мәлімдеуінше, кешенді шаралар нәтижесінде өңірде ауа ылғалдылығы артып, ауаның температурасы – 1,5 градусқа дейін төмендеген.

«Түркістан магистралды каналын» күрделі жөндеуден өткізу арқылы 60 млн куб метр су үнемделеді. Түркістан аумағында 8 шақырым каналдың ұзындығы абаттандырылып, демалыс аймағы, веложолдар салынып жатыр. «Кеңсай – Қосқорған – 2» су қоймасы жобасы жүзеге асса 34 млн куб метр ағын су жеткізіледі. Қазір үлкен дамбының биіктігі 27 метрге дейін көтеріліп, кіші дамбы толықтай тұрғызылды. Бұл канал биылдың өзінде көктемгі тасқын сулар ысырабына жол бермей, 5 млн куб метр су жинауға мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, «Сырдария өзенінен машиналық арна салу» және «Сарқырама» су қоймасын салу жобалары әзірленуде. Бұл жобалар Түркістан өңірін ағын сумен қамтамасыз ететін өте маңызды жұмыстар. Сонымен бірге Түркістан облысында академиялық есу, байдарка және каноэда есу, желкен спорты, жүзу және триатлон спорт түрлерін қарқынды дамыту үшін былтыр ескек есу каналы салынуда. Бұл кешеннің жалпы алаңы 100 гектарды құрайды. Халықаралық дәрежедегі ескек есу және байдарка спорты бойынша олимпиадалық стандартқа сай орталықта қонақ үйлер, көрермендерге арналған жай, көпірлер салынады. Спорт кешенінде су шаңғысы, жағажай ойындар футболы, волейбол, гандбол, регби секілді су және жағажай спортының танымал түрінен сайыстар өтеді. Бұл атқарылған жұмыстардың барлығы түркістандық жас спортшылардың болашағы үшін жасалуда», – деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Халықаралық турнирді жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырып отыру жоспарланған. Жоспар ойдағыдай іске асатын болса, олимпиада ойындарына енген доданың бұл түрі әлемнің көптеген елдерінің спортшыларын қызықтыратын сайыс болатыны сөзсіз. Соның арқасында рухани астанамызды алыс-жақын шетел танып, саяхаттайтын болады. Осылайша спорт пен туризмді ұштастыру арқылы ірі жобаларды жүзеге асыру қолға алынуда. Бұның өңір туризмін дамытуға қосатын үлесі қомақты болмақ. 

Ш.МОЛДАБЕК, Түркістан облысы
08.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 66
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 66
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 315
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 316
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 537
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 486

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9190
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8588
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11816
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9585
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10799