Жетісу облысы Жасырылған қарулар мен оқ-дәрілер табылды

Жетісу облысы Жасырылған қарулар мен оқ-дәрілер табылды

Polisia.kz сайты: «Талдықорғанда облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, Шығыс шағынауданында қару жасырылған орынды тапты. Қаружарақ қоймасы құқық қорғау органдарына келіп түскен жедел ақпаратқа сәйкес анықталды. Сол жерде қарудың тұтас арсеналы – жиналмалы шүйде және екі оқатарымен бірге Сайга-762 иір ойықты мылтық, 16 калибрлі тегіс ұңғылы шолақ мылтық, ИЖ 79-8 газ тапаншасы, сонымен қатар сақтандырғышы бар РГД-5 гранатасы және әртүрлі калибрлі патрондар тәркіленді. Дерек ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қару-жарақты, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша СДТБТ-да тіркеліп, ол бойынша тергеу баллистикалық сараптама тағайындалуымен қалалық полицияға тапсырылды. Жасырын орыннан табылған қарудың қаңтар айындағы тәртіпсіздікте ұрланған қаруға қатысы бар-жоғы тергеу аясында анықталады», – деп хабарлайды. 

Ермек Сахариев
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ
Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан - 28.03.2023 140
РАМАЗАН
Нағашыбай Қабылбек - 24.03.2023 297
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 18.03.2023 510

Топ жаңалықтар

1
ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ
Show more
Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан - 2023-03-28 140
2
ТОҒЫШАРЛАР ТЕАТРҒА БАРЫП ТҰРЫҢДАР...
Show more
Дулат Исабеков - 2023-03-26 184
3
РАМАЗАН
Show more
Нағашыбай Қабылбек - 2023-03-24 297
4
Ермұрат Бапи: Халықтан басқа ешімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!
Show more
Нұргелді ӘБДІҒАНИ, Abai.kz - 2023-03-24 296
5
ӨЗБЕКСТАН ҚАЗАҚТАРЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ
Show more
Айгүл ТЕШЕБАЕВА, Ташкент облысы. - 2023-03-23 407