ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРЛЕРІ ЖАҢА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КІЛТТЕРІН АЛДЫ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРЛЕРІ  ЖАҢА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КІЛТТЕРІН  АЛДЫ
Жетісу облысының Жедел жәрдем паркі 4 санаттағы шұғыл шақыртуларға қызмет көрсетуге арналған 29 жаңа автокөлікпен толықтырылды.
Санитариялық автокөлік 13 аудандық орталық және облыстық ауруханаларға, сондай-ақ кардиологиялық орталыққа, көпбейінді балалар ауруханасына, психикалық денсаулық орталығына берілді. Жаңа жедел жәрдем оттегі цистерналарымен, оттегі қысымын реттегіштермен, инфузиялық жүйеге арналған кронштейндері бар леер-тұтқаларымен, қолды дезинфекциялауға арналған диспенсерлермен, роликті арбалармен және барлық қажетті заттармен жабдықталған.
Облыс әкімі Бейбіт Исабаев денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларына автокөліктердің кілттерін тапсыра отырып, халықтың денсаулығын нығайту, медициналық қызметтердің сапасын арттыру – Мемлекет басшысы алға қойған басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.
"Биыл жергілікті бюджет қаражатының есебінен медициналық жабдықтарды сатып алуға 3,6 млрд.теңге бөлінді, өңірдегі жарақтандыру көрсеткіші 93% - ға жетті, ол кезде өткен жылдағыдай 87%-ды құрады. Сондай-ақ, медициналық кадрлар тапшылығы проблемасын шешу үшін келесі жылдан бастап өңірге келген мамандарға 5-тен 10 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде біржолғы материалдық көмек көрсетілетін болады, - деді Б.Исабаев.
Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету және медициналық қызмет сапасын одан әрі арттыру үшін Жетісу облысында 67 жедел жәрдем бригадасы құрылғанын айта кету керек. Өңірдің шалғай аудандарында "103" бригадаларының уақтылы жетуі үшін қосымша 12 дислокация құрылды. "103" бірыңғай диспетчерлік қызметі ұйымдастырылды, ол облыстың түкпір-түкпірінен қоңыраулар қабылдайды, тәулік ішінде 2000-ға дейін өтініш келіп түседі. Сондай-ақ, "103" бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметінің базасында тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталық бар, онда халыққа жоғары білікті медицина қызметкерлері консультация береді. Биылғы жылы "Жедел жәрдем" әлеуметтік-қайырымдылық жобасының шеңберінде өтеусіз негізде "Samruk-Kazyna Trust" корпоративтік қорының қолдауымен өңірдің 5 аудандық ауруханасына "JAC sunray 6C"маркалы жедел жәрдем көлігі ұсынылғанан естеріңізге сала кеткен жөн.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
31.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 162
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 168
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 382
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 349
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 966

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9043
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8438
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11666
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9429
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10646