«Жезкиік» республикалық қобызшылар байқауы өз мәресіне жетті

«Жезкиік»  республикалық қобызшылар байқауы өз мәресіне жетті
🔰Бүгін атақты қобызшы, әлемдік музыкада өзіндік орны бар ұлы тұлға Ықылас Дүкенұлының туғанына 180 жыл толуына орай, Саудакент ауылында өткен «Жезкиік» республикалық қобызшылар байқауы өз мәресіне жетті.
Байқауға еліміздің 5 облысынан 11 қобызшы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша 2 үміткер ынталандыру орнына, 3 үміткер үшінші орынға, 3 үміткер екінші орынға және 2 үміткер 1 орынға ие болды.
🔰Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.
Бас жүлдені Атыраудан келген жас қобызшы Аятолла Тұрғанов жеңіп алды.
Бас жүлдеге ие болған Аятолла Тұрғановқа марапатты Қазақстанның Еңбек Ері, даңқы композитор Илья Жақанов пен Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов табыстады.
🔰Сонымен қатар аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы ауданда өткен республикалық қобызшылар байқауының әділқазылар алқасының мүшелері, еліміздің ұлттық аспапты музыкасының көрнекті өкілдеріне ризашылығын білдіріп, Алғыс хаттар мен сый-сыяпаттар табыс етті.
✅Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
09.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14302
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14238
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29381
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28015
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31548