Жоба аясында кәсібін ашты

Жоба аясында кәсібін ашты
Жамбыл ауданында «Ауыл аманаты» жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді.
Тұрғындар жоба аясында 2,5 пайызбен берілетін несиеге қол жеткізіп, өз кәсібін ашуда.
Тұрмыстық табысын арттыруға бағытталған жоба аясында 7,6 млн теңге қаржы алған Құмтиын ауылының тұрғыны Марат Оспанов жол бойынан 25 орынға арналған «Замзам» шайханасын ашты.
Мұнда кәуап, тандыр самса, тандыр нан, және түрлі дәмді тамақтар тұрғындарға ұсынылады.
Сонымен қатар 5 азамат тұрақты жұмысқа тартылған. Күніне 150-ге жуық тандыр нан әзірленеді.
Кәсіп иесі бүгін жоба шарапаты аясында ашқан кәсіпкерлік нысанының ашылуын ұйымдастырды.
Алдағы уақытты нысан «Ауызашар, «Құдайы тамақ» өткізуге, сондай-ақ жол бойындағы жолаушыларға қызмет көрсетпек.
– Әрине, жоспарымыз көп. Бастапқыда тек тандыр нан мен самса ғана ашуды көздеген едім. Кейін ойлана келе шайхананы қосып аштық. Жол бойынан жолаушылар өте көп жүреді. Сондықтан оларға осы қызмет түрін ұсынуды жөн көрдік. Бұл жобамызды жүзеге асыруға “Ауыл аманаты” жобасы өз септігін тигізді. Шайханамызда тек халал өнімдер ғана бар. Жазды күні таза ауада тамақтануды да ұйымдастырамыз, - дейді Марат Балпықұлы өз сөзінде.
Жамбыл ауданы әкімдігі
18.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 18
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 19
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 22
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 17

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25118
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24641
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42064
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37927
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42397