Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы тағайындалды

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Саурықов Мұрат Құттыбайұлы Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды. Саурықов Мұрат Құттыбайұлы 1981 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданында туған. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін 2002 жылы «жол қозғалысын ұйымдастыру»,  2006 жылы «заңтану» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының жол қозғалысы қауіпсіздігі және жұмыстарды қабылдау бөлімінің бас маманы болып бастаған, аталған мекемеде 2013 жылға дейін еңбек еткен. 2013-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, 2018 жылдың қаңтар-қазан аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2018 жылғы қазаннан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының   автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Жамбыл облысының әкімдігі
09.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13919
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13870
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29002
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27660
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31174