ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ

ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев палаталардың бірлескен отырысында «Әділет Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялағаны белгілі.
Осы орайда облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында жиын өтіп, онда маңызды құжат кеңінен сөз болды.
Басқосуда сөз алған басқарма басшысы Гүлдана Жауынбекова Жолдау стратегиялық маңызды құжат болып табылатынын, ендігі кезекте Мемлекет басшының жаңа экономикалық саясатына қолдау көрсетіп, оның сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсаты тұрғанын айтты.
– Жолдауда платформалық жұмыспен қамту туралы айтылған. Платформалық жұмыспен қамту жүйесіне қызығушылық артып келеді. Осы секторда қазірдің өзінде жарты миллионнан астам адам жұмыс істейді. Осы санаттағы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғаудың нақты тәсілдерін әзірлеп, платформалық жұмыспен қамту мәселесін түгел реттеу қажет.
Платформалық жұмыспен қамту - бұл негізгі және қосымша жұмыспен қамтудың рөлін атқара алатын қарқынды дамып келе жатқан икемді жұмыс форматы, - деді Гүлдана Әлімжанқызы.
Жалпы платформалық жұмыспен қамтуды толыққанды енгізу үшін екі кезеңде жұмыс атқарылуда.
Бірінші кезеңде 2023 жылдан бастап платформалық жұмыспен қамтудың тараптарын айқындайтын тұжырымдамалық аппарат енгізіледі. Ол интернет-платформалардың операторларын, тапсырыс беруші мен орындаушыны, сондай-ақ олардың өзара қарым-қатынасының тәртібімен және интернет-платформалар арқылы жұмысқа орналасқан адамдарды әлеуметтік және зейнетақы жүйесіне тартуды анықтайды. Платформалық жұмыспен қамту тараптарының өзара қарым-қатынасында еңбек қатынастарының белгілері болған жағдайда, Еңбек кодексіне осы санаттағы қызметкерлердің жұмыс ерекшеліктеріне жұмыс уақытының режимі мен есебін, демалысын және т.б. есепке алуды реттейтін жаңа бап енгізіледі.
Екінші кезеңде интернет-платформалар арқылы жұмыспен қамтылған тұлғаларға 2025 жылдан бастап әзірленіп жатқан жаңа Салық Кодексі шеңберінде оңайлатылған салық режимі енгізіліп, қолданыстағы әлеуметтік сақтау жүйелеріне тарту жұмыстары жүргізілуде.
Икемді жұмыспен қамтудың нысандарын ресімдеу жұмыспен қамтуды ұлғайтуға, еңбек ұтқырлығын арттыруға, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Жалпы, еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін Үкімет қысқа мерзімде 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарды бекітуі керек деп айталған болатын. Қазіргі таңда Үкімет тарапынан осы Кешенді жоспар дайындалуда, аталған жоспар бекітілген соң облыс көлемінде осы құжат дайындалып, іске асырылады.
Қазірга таңда жұмыспен қамту саласында облыста біршама жұмыстар жасалуда. Атап айтатын болсақ, 2023 жылы 54156 адамды белсенді шараларға тарту жоспарланып отыр. Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 43434 адам тартылды (17,6 мыңы жастар), оның ішінде 19540 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құруға» қатысты берген тапсырмасына сәйкес биылға жоспар – 13,4 мың орын болып белгіленсе, 8 айда 14,1 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 2023 жылдың 2 тоқсаны бойынша 4,8%-ды, жастар жұмыссыздық деңгейі – 3,5%-ды құрады.
Жиында басқарма қызметкерлері де Жолдаудың тың тетіктері бойынша сөз қозғады.
Басқосуды қорытындылаған басқарма басшысы:
– Мемлекетіміздің экономикасының өрлеуіне және халықымыздың әлеуметтік жағдайының жақсаруына жол ашатынынан кәміл сенемін. Олай болса, еліміздің дамуына серпін береиін Жолдау жүктеген міндеттерді бірлесіп атқаруымыз қажет,-деді Г.Жауынбекова.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
13.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 96
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 130
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 131
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 96
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 239
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 456
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 418

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9117
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8514
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11742
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9509
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10722