Жолдың сапалы жөнделуін тұрғындар да қадағалауда

Жолдың сапалы жөнделуін тұрғындар да қадағалауда
Ауылдың дамуы мен тұрғындардың өмір сүруіне жасалатын қолайлы жағдайлардың барлығы ең біріншіден мемлекеттік бағдарламалардың сапалы орындалуына келіп тірелетіні белгілі. Бұл ретте тұрғындардың сапалы өміріне және таза ауызсу, сапалы жол, одан кейін әлеуметтік нысандармен қамтамасыз ету деген сияқты игіліктерді ауылға жеткізуде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының маңызы зор.
Биыл ауданда «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының аясында барлығы 27,7 шақырым автомобиль жолына орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Оның ішінде, аудан орталығы Бауыржан Момышұлы ауылында барлығы 18 көше жолының орта жөндеуден өткізілетіні туралы газеттің өткен сандарында жазылды.
Бағдарлама аясында аудан орталығында әбден тозған көше жолдарын жөндеуге бөлініп отырған қаражаттың көлемі де қомақты. Маусым айының басында басталған орта жөндеу жұмыстары қазіргі таңда мердігерлердің тарапынан уақтылы атқарылуда. Тұрғындарға, оның ішінде, көлік жүргізушілеріне ұзақ жылдан бері проблема туындатып келген Парасат көшесінің жолы әлдеқайда кеңейтіліп, бірнеше күнге ары-бері көлік қатынасына шектеу қойылған теміржолдың өткелі өткен аптада ашылды.
Жалпы Парасат көшесінің теміржол өткеліне дейінгі ұзындығы – 564 метрді құрайды. Орта жөндеудің нәтижесінде бұл жолдың ені 10 метрге дейін кеңейтіліп отыр. Жол құрылысының сапасын аудан және Б.Момышұлы ауылы әкімшілігінің жауапты мамандары және көше тұрғындары өз бақылауына алып, оның сапалы төселуін барынша қадағалау үстінде.
-Парасат көшесінің жөндеу жұмыстарын аяқтап болып, одан кейінгі кезекте Б.Момышұлы ауылындағы ұзындығы 350 метрден асатын Тайыр Тастандиев көшесінің жолына асфальт жабынын төсеуді толықтай аяқтадық. Енді аудан орталығындағы басты көшелердің бірі – Төле би көшесінің жолын жөндеуге кірістік. Жұмыс қалыпты жағдайда жүруде. Жұмысшылар және жол салатын арнайы техникалардың күші толықтай жеткілікті. Бұл бізге жол құрылысын уақтылы әрі сапалы орындауға толықтай мүмкіндік береді.
Дегенмен, бір ескертіп айта кететін жағдай, көше жолдарын толықтай жөндеп болғанша, жеке автокөлік иелері баратын жерлеріне басқа көшелермен айналып жүрулері қажет. Себебі, көліктердің ағыны біріншіден жұмысқа кедергі келтіреді, екіншіден жаңадан төселген асфальтты және жолға шашылған битумды да таптап тастайды. Бұл айналып келгенде, жолдың сапасына әсер етеді. Сондықтан жолдың құрылысы толықтай аяқталғанша, аудан тұрғындары аздап сабыр сақтап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытқандары дұрыс,- дейді мердігер мекеменің басшысы Сағи Абдуалиев.
Ауылдағы көше жолдарының жөнделіп жатқанын көрген тұрғындар оған өте қуанышты. Сапалы жол – тұрғындардың қуанышымен қатар, экономикалық тұрғыдан да өте маңызды. Ал жолдардың шын мәнінде сапалы жөнделуіне тұрғындардың да мүдделі әрі бұл іске шын жанашырлықпен қоғамдық бақылау жасап жатқаны бізді қуантады. Өйткені, жолдың сапалы жөнделуі мердігерге емес, ең біріншіден ауыл тұрғындарына қажет.
Сондықтан, олар мердігерлер тарапынан орын алуы мүмкін деген әрбір кемшілікке баса мән беріп, жұмыстың сапалы атқарылуына атсалысып келеді. Тұрғындардың белсенділігін біз Т.Тастандиев және Төле би көшелерін жөндеу кезінде анық байқадық. Тұрғындар мердігерлерге алғыс білдірумен қатар, жол жөндеу кезінде орын алған олқылықтарды да атап көрсетіп, оның дер кезінде жойылуына өздері тікелей бақылау жасауда.
Иә, мұның алдында аудан орталығында орта жөндеуден өтетін бірнеше көшенің жолдары сүріліп, тегістелгенімен, асфальттың тапшылығына байланысты аяқталмаған жолдан аспанға шаң көтеріліп, бұл жағдайдың тұрғындарға және ары-бері қатынаған жеке автокөлік иелеріне де қолайсыздық тудырғаны рас. Дегенмен, үлкен жолдың бойындағы транспорттық тексерулер саябырлағаннан кейін мердігерлер асфальтты емін-еркін тасымалдауға мүмкіндік алды. Соның нәтижесінде, көше жолдарына асфальт жабыны уақтылы төселуде. Айта кету керек, жол жөндеуге ең қажетті шикізат саналатын сапалы асфальт Тараз қаласының маңындағы Үшбұлақ ауылындағы «АрсИКо» ЖШС-ынан тасымалданып жатыр.
Көшелерді орта жөндеудің барысында байқағанымыздай, төселіп жатқан асфальт сертификатталған, сапасы жақсы. Осында уақтылы жеткізіліп, уақтылы төселуде. Ендігі кезекте жолды ауыр катоктармен таптау жұмыстары талапқа сай атқарылуы керек.
Мердігер мекеме «Қазына Құрылыс» ЖШС-ның басшысы Сағи Абдуалиевтың айтуынша, көшелерді жөндеу жұмыстары шілде айының аяғында толықтай аяқталуы тиіс.
Нұржан Манасұлы, Жуалы ауданы
25.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 143
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 179
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 176
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 143
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 291
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 289
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 506
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 462

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9160
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8558
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11785
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9553
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10766