ЖОО-лар студенттерді жатақханамен қамтамасыз етеді

ЖОО-лар студенттерді  жатақханамен қамтамасыз етеді

Үкімет кулуарында.ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек: «Енді меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындары жаңа мамандық ашқанда немесе лицензия алғанда оларға талап қойылады. Мысалы, 100 адамға лицензия өтінімін бере ме, онда сол 100 адамға жатақхана орнын қамтамасыз етуге міндетті. Биылдан бастап заңнамалық түрде сондай шарттар енгізілді, шектеу қойылды.  2026 жылға дейін елдегі студенттердің басым бөлігі жатақханамен қамтылмақ. Жатақхана орнының жетіспеушілігі – күрделі мәселе. Мұны мемлекет өз есебінен толық шеше алмайды. Сондықтан Білім министрлігінің жанындағы қаржы орталығымен бірлесіп, жеке инвесторлармен, құрылыс компанияларымен, мердігерлермен тікелей жұмыс істеп жатырмыз. Оларға арнайы 6 жылға шарттар береміз, яғни қаржы моделін ұсынамыз. Сол қаржы моделімен 2026 жылға дейін студенттердің 60-70 пайыз жатақханамен қамтамасыз етеміз. Өңірлерде 14 мың төсек-орын бос тұр. Алматыда 19-20 мың төсек-орын жетіспейді. Себебі, қалада 35 жоғары оқу орны бар. Студенттердің 70 пайызы басқа өңірлерден келген», – деді. 

 

Ермек Сахариев
16.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5390
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5546
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20514
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19145
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22606