Жуалы ауданында жол бойындағы сервистік нысандар салынады

Жуалы ауданында жол бойындағы сервистік нысандар салынады

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында туризм басқармасының басшысы мен Жуалы ауданы әкімінің инвестиция тарту жұмыстары туралы есептері тыңдалды. Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртазаның айтуынша, 2023 жылы ауданның ауыл шаруашылығы саласында 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, оның ішінде сүт-тауарлы фермасы, құс, балық шаруашылығы, жем-шөп дайындау цехы, сондай-ақ жылыжай бар. Жобалардың жалпы құны 238,0 млн. теңгені құрайды. Олар бойынша 31 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ауданда жалпы құны 9336,0 млн. теңге болатын 10 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Олардың қатарында «Ferro-Polymetal Resources Group» ЖШС (ванадий, полиметалл өндірісі), «KazHydroOperating» ЖШС (шағын су электр станциясы), «IMC Group» ЖШС (мақсары өңдеу цехы), «Yaposha» ЖШС (кептірілген нан өндеу жобасы). Жуалы ауданындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық тас жолы бойындағы сервисті дамыту жобасына бірден бірнеше кәсіпкер тартылған. Аймақ басшысы сүт саласын дамытуда тауарлы-сүт фермаларын салуға айрықша назар аудару керектігін баса айтты. Туризм басқармасының басшысы Біржан Күзембеков ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен әзірленген туризм саласына инвестиция тарту рейтингінде Жамбыл облысы 2-ші орында тұрғандығын айтты. Ол туристерді тарту бойынша 2023 жылға жоспарланған іс-шаралар туралы баяндады. – Біз инвесторларды өзіміз іздеуіміз керек, оларға жобалар ұсынуға тиіспіз, өйткені біз облысымыздың әлеуетін, қандай мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалғанын жақсы білеміз. Әрбір инвестициялық жоба басқарма басшыларының да, аудан әкімдерінің де ерекше бақылауында болуы маңызды, - деді Нұржан Нұржігітов. Кездесу барысында инвесторлар автотуризмді дамыту, сарқын суларды тазарту нысанының құрылыстарын салу жобаларымен таныстырды.

Жамбыл облысы әкімдігі
08.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 115
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 128
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 219
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 219
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 356
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 356
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 587
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 530

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9236
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8632
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11858
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9629
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10841