«Жуалы газ» суперкубок иегері атанды

«Жуалы газ» суперкубок иегері атанды
«Жуалы газ» суперкубок иегері атанды
⚽️Футболдан «Qyzmet Cup» мекемелер қызметшілері лигасының суперкубок иегері анықталды.
🔹️Алғаш рет ұйымдастырлып отырған Суперкубокты алдыңғы өткен жарыстардың жеңімпаздары «№14 спорт мектебі», «Д.Қонаев МГ», «Жуалы газ», «Б.Майлин ОМ» командалары сарапқа салды.
🔸️1/2 финал ойындары өте тартысты өтті. Бірінші ойында «№14 спорт мектебі» мен «Б.Майлин ОМ» командалары өте тартысты ойын көрсетті. Негізгі уақыт 0:0 есебімен тең аяқталып, пенальти сериясымен аяқталды. Бұл жолы «Б.Майлин ОМ» командасының асығы алшысынан түсіп, пенальтиден жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.
🔹️Финалдық кезеңге өту үшін «Жуалы газ» және «Д.Қонаев МГ» арасында өткен екінші ойында тартысты өтіп, негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталып, пенальти сериясына ұласты. Бұл ойында «Жуалы газ» командасының мерейі үстем болды.
🔸️Суперкубоктың финалы «Жуалы газ» бен «Б.Майлин ОМ» командалары арасында өтті.
Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Қос команда тарапынан жиі шабуылдар көрініс берді.
🔹️Нәтижесінде «Жуалы газ» командасы сапынан Қайсар Мейірманов, Саят Нұрмаханов, Абай Мейірхан бір-бір голдан салды.
🔸️Оған «Б.Майлин ОМ» командасы сапынан Тимур Диханбаев бір голмен жауап қайырды.
🏆Осылайша «Жуалы газ» командасы қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсіп, алғаш рет суперкубок иегері атанды.
Жуалы ауданы әкімдігі
26.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1170
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7217
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11081
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7282
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7428