Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен аймақта әлеуметтік дүкендердің санын арттыру қолға алынғаны белгілі. Негізгі міндет - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және төмен бағадағы азық-түлікті қол жетімді ету.
Бүгін осы мақсатта аудан орталығынан әлеуметтік дүкен ашылды.
Мұндағы сөрелерге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері қойылып, нарық бағасынан 10-20 пайыз төмен бағада сатылатын болады. Бүгінгі таңда дүкенде әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарлары сатылуда. Атап айтқанда: күріш, бірінші сортты бидай ұны, қарақұмық жармасы, нан, рожки, сиыр, тауық еттері, сүт, айран, сүзбе, жұмыртқа, сары май, өсімдік майы, қырыққабат, пияз, сәбіз, картоп, қант, ас тұзы.
Жағымды жаңалықты естіген аудан жұртшылығы дүкенге келіп, сауданың көркін қыздырды.