Жуалыны жандандырған жобалар

Жуалыны жандандырған жобалар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында қойылып отырған бағыттың бірі – бизнес ортаны түбегейлі жақсарту, оны кеңейту, елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайызға жеткізу. Жуалы ауданы әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Марат Қасымбековтің айтуынша, соңғы жылдары мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың аясында ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қатары артып келеді екен. Мәселен, қазір ауданда шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 5593 субъекті жұмыс істеп тұр. Оның екеуі орта, 214-і жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, 2472-сі жеке кәсіпкерлер болса, 2905-і шаруа қожалықтар. Олар 9552 аудан тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Өткен жылы осы аталған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мемлекет бюджетіне 264 миллион 101 мың теңге салық түсіріпті. – Президентіміз Жолдауында кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдауды тапсырғаны белгілі. Бұл бағытта несиеге қол жеткізген, екінші деңгейлі банктердің сүйемелдеуіне ие болған бизнес өкілдері аз емес. Мәселен, төмен пайызбен несиеге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы, «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тағы басқа да қаржы ұйымдары арқылы 123 жеке кәсіпкер мен шаруа қожалықтардың қаржы айналымын толықтыруға 5 миллион теңгеге дейін және инвестициялық бағытта 20 миллион теңгеге дейін барлығы 1485,6 миллион теңге қаржы берілген. Сондай-ақ «Ұлттық жоба» аясында 17 кәсіпкер несиеге қол жеткізіп, өз кәсіптерін бастап кетті, – дейді Марат Қасымбеков. Жалпы ауданда қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Өткен жылы инвестиция қаржысы 9395,4 миллион теңгеге жеткен. Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Марат Қасымбековтің айтуынша, бүгінгі таңда аудан экономикасының даму жоспарына сәйкес, 2025 жылға дейін іске асыруды көздейтін, жалпы құны 20,2 миллиард теңгені құрайтын 12 ірі инвестициялық жоба тізбесі жасалған. Бұл жобалар іске асқан жағдайда ауданда 330 адамға тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылмақ. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында 5 пайызбен кепілсіз несиеге 56 жеке кәсіпкер мен шаруа қожалық жетекшілері ие болған. Бұдан бөлек, өткен жылы жалпы құны 170 миллион теңгені құрайтын екі жобаны іске асыру межеленген. Біріншісі, Жетітөбе ауылдық округі, Кәріқорған ауылындағы «Алатау сүт өнімдері» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі. Кооператив төрағасы Нұрболат Кенжебеков өткен жылдың қаңтар айында сүт өңдеу цехын іске қосты. Жобаның жалпы құны 70 миллион теңгені құрайды. Ал тәуліктік қуаты – 7 тонна. Қазіргі таңда күніне ауыл тұрғындарынан 3-4 тонна сүт қабылдап, цехта өңдеуде. Онда сары май, сыр, брынза, құрт, чечил, айран және қызыл ірімшік өнімі шығарылады. Өндірілген өнім Шымкент, Алматы мен Тараз қалаларына өткерілуде. Кәсіпкер 7 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Екінші жобаны Шақпақ ауылдық округіндегі «Япоша» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі іске асырған. Зауыт тәулігіне үш тонна кептірілген нан (сухари) өнімін өндіреді. Жалпы жоба құны 100 миллион теңгені құрайды. Бұдан бөлек, ауданда бірнеше өндіріс ошағы табысты жұмыс істеуде. Солардың бірі – «AQMOL 2025» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Серіктестік өткен жылы жалпы құны 173 миллион теңгені құрайтын 267 тонна сүт өнімдерін шығарған. Зауыттың тәуліктік қуаттылығы 40 тоннаны құрайды. Сол сияқты жылдық қуаты 10 мың тоннаны құрайтын «СМТС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сары май, брынза, моцарелла, қатты ірімшік, сулугуни, чечил сынды өнімдер өндіріп, өнімдерін Астана, Алматы, Тараз, Шымкент қалаларына өткеруде.  Аудандағы өндіріс көлемін арттыруға «Бурное сүт компаниясы», «LF company» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Бірге», «Нысанов М» мен «Бурное ірімшік компаниясы» АӨК сүт өңдеу цехтары да өз үлестерін қосуда. Бұлар өнімдерін Астана, Алматы, Шымкент, Тараз қалаларынан бөлек, Ресей мен Қырғыз мемлекеттерінің нарығына да шығарып отыр. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен ұзақ жылдан бері айналысып келе жатқан кәсіпорынның бірі «АгроАзықтүлікнанменжабдықтау» ЖШС. Оның жобалық қуаттылығы тәулігіне 54 тонна мақсары майын, 182 тонна жымық өңдеуге қауқарлы. Өндірген өнімдерін экспортқа Қытай мен Бельгия нарығына шығаруда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында іске асырылып жатқан жобалар да бар. Соның бірі – Сұрым ауылында «МОЛ ДАМУ» АӨК сүт өнімі цехын біртіндеп іске қосуда. Бұдан бөлек, Жамбыл облысының кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген «ШақпақДорсервис» ЖШС «Битум зауытын қайта жаңғырту» жобасы бойынша «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында инфрақұрылым (газ жүйесін) жүргізу үшін тиісті құжаттарын жинақтап, рәсімдеуде.  Жуалының жандана түсуіне жол ашқан жобаның тағы бірі – туризм саласы бойынша «Қаралма» тау-шаңғы базасы. Мұнымен қоса, ауданда «Көксай» этно-туристік демалыс аймағы мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы бойынан «Жол сервисі» кешенін салу да көзделген. Қазіргі таңда бұл жобалардың біреуі ғана іске асырылу үстінде. Ол – «Көксай» этно-туристік демалыс аймағы. Онда бірқатар құрылыс нысандары бой көтеріп үлгерген. Алда қонақтарға арналған коттедждер, арқан жолы, тамашалау алаңы, киіз үйлер, монша, спорт кешендері, қонақ үйлер, бассейндер салу жоспарлануда. Ал туризм саласында жеке кәсіпкерлердің күшімен Берікқара шатқалында, Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы мен оның төменгі жағында жүзеге асқан демалыс орталықтарын бүгінгі таңда облыс қана емес, өзге өңір тұрғындары да танып-білді. Ал қазіргі елдің аузында жүргені – жоғарыда айтқан «Қаралма» тау-шаңғы кешені мен «Көксай» этно-туристік демалыс аймағы. Аудан әкімі Жалғас Мұртаза «Қаралма» тау-шаңғы кешенінің құрылыс жұмыстары жеке кәсіпкердің, яғни инвестордың жеке қаржысы есебінен жүргізіліп жатқанын айтты. Ал билік тарапынан инвесторға қажетті қолдаудың барлығы, атап айтқанда, жолы салынып, жарық пен газ құбыры тартылған. Бұл кешеннің бүгінгі инвесторы алдағы уақытта жазғы демалыс орнын ашып, одан кейін тау-шаңғы кешені жобасын іске қосуға ниетті екен. Болашақта ауданда экотуризмді дамыту мүмкіндігінің жоғары екені байқалуда. Яғни Көксай шатқалында салынып жатқан жаңа демалыс орнында алдағы уақытта ел спортшыларының халықаралық жарыстарға дайындалуына мүмкіндік жасалады деген болжам бар. Сонымен бірге демалушыларға тау ішіндегі жаяу жүргінші маршруттарын ашу, «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасы маңындағы демалыс орындары мен Берікқара қорығындағы туристік нысандардың да экотуризмді дамытуға мүмкіндігі мол екені айтылып жүр. Бұл да алдағы уақытта жүзеге асырылатын тиімді жобалардың бірі болғалы тұр.

Марат ҚҰЛИБАЕВ Жуалы ауданы
22.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 103
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 115
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 206
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 206
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 344
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 345
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 576
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 519

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9224
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8620
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11846
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9616
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10829