Зұлматты жылдардың ұлымдығы толық ерттелген жоқ

Зұлматты жылдардың ұлымдығы толық               ерттелген жоқ

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Ақмола облысында «Солтүстік өңірдегі саяси қуғын-сүргін: жаңа деректер мен фактілер» тақырыбында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде республикалық конференциямен басталды. Шараға  Ақмола облысы әкімінің орынбасары Е.Рамазанов, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры М.Сырлыбаев, еңбек ардагерлері, ғалымдар мен өңіріміздің зиялы қауым өкілдері, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, бұқаралық ақпарат өкілдері мен студент жастар қатысты. Конференция алдында бір минут үнсіздік жарияланып,   қатысушылар саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухтарына тағзым етті.  Іс-шара аясында «Тарихқа тағзым – ұрпаққа тағылым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

Университетте комиссия жанынан комиссия құрылды

 

Облыс әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов  алғы сөз сөйлеп, зұлмат жайлы қысқаша мағлұматтар айтып, конференцияны ашты.  

 – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні елімізде  1997 жылдың  31 мамырында басталған. 2020 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Осы тапсырмаға орай, ел аумағында және Ақмола  өңірінде де саяси қуғын-сүргін  құрбандарын зерттеу жұмыстары нәтижелі жүруде. Оның бір дәлелі – саяси қуғын-сүргін құрбандарының  тарихи және мұрағаттық мәліметтерді зерттейтін жұмыс тобы Ш.Уәлиханов атындағы университет жанынан құрылуы. Еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап жазықсыз жапа шеккен 340 мың адам ақталды. Бұл игі істі атқаруда біздің өңірлік комиссия мүшелері де тыңғылықты жұмыстар атқарды. Мемлекеттік комиссия бір-екі жылда атқарған жұмыстарын қорытындылап, елге  есеп береді. Бұл міндетке біздің  өңірлік комиссия да  нәтижелі қатысып,  ел сенімін ақтайды деп білемін, – деді әкім орынбасары Елдос Рамазанов. 

Келесі кезекте сөз алған  Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Марат Сырлыбаев: 

– 31 мамыр күні тарихта қаралы күн болып саналады. Еліміз үшін бұл оқиғалар – ең ауыр да қасіретті апат.  Бұл – бір ғана ұлттың емес, бүкіл мемлекеттің трагедиясы. Зұлмат пен зұлымдық естен өшпейді. Биыл біздің жерімізде жаппай ашаршылықтың болғанына – 90 жыл, ал саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 85 жыл толып отыр. Тек 1937-1938 жылдары республикада 100 мыңнан астам адам заңсыз сотталып, олардың 25 мыңға жуығы ату жазасына кесілді. Қазақстан халқының бір жарым миллионнан астамы ашаршылық құрбаны болды. Ұлттың ар-ожданы, намысы болған  қазақ зиялыларының көрнекті өкілдері: Ә.Бөкейханов, Б.Майлин, М.Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Т.Рысқұлов, М.Дулатов сияқты Алаш қайраткерлері саясаттың құрбаны болды. 600 мыңнан астам қазақ ашаршылық пен қуғын-сүргіннен зардап шегіп, тарихи Отанын тастап кетті. Қазіргі таңда біздің университетте ақтаңдақ жылдарды зерттеу жобалық кеңсе құрылып,   жұмыс жасап жатыр. Жобаға  университетіміздің тарихшы-ғалымдары мен жергілікті өлкетанушы-зерттеушілері қатысуда. Тарихи жобаны іске асыруға қолдау көрсеткен облыс әкімі Ермек Боранбайұлына  ризашылығымызды айтамыз. Жобалық кеңсенің басты мақсаты – кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санаттарына қатысты мәліметтерді анықтап, оларды ақтау бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра отырып, тарихи әділеттілікті орнату. Жалпы, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары жоспарлы түрде, кезең-кезеңмен іске асырылуда. Биылғы жылы да аталмыш зерттеу бағыттары өзінің жалғасын табады, – деді ректор Марат Сырлыбаев.  

 

Зерендіде 4 сталиндік  лагерь анықталды

Сталиндік жазалау лагерьлері

Конференцияда Ақмола облысындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысы туралы комиссия төрағасы  А.Сейітқасымов баяндама жасады.

– Өңірлік комиссия облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қолдауымен құрылды. Бұл мақсатқа арнайы қаражат бөлініп, ауқымды жұмыстар өз нәтижесін беруде. Өңірлік комиссия негізгі жеті бағыт бойынша ауқымды істер атқарды. Бір жылғы жұмыс  ішінде көптеген тың жаңалықтар ашылды.  Бір ғана мысал, осы зерттеу жұмыстары барысында біз Ақмола облысында  150 дін өкілдерінің  репрессияға ұшырағанын анықтадық. Ақмола облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі жұмыстың жүргізілгеніне  бір жылдан астам уақыт өтіп, алғашқы кезеңі аяқталды. Баспадан үш бірдей жинақ жарық көрді. Сонымен қатар бірнеше жұмыстар баспаға беруге дайын тұр. Зұлмат жылдардың куәсі болған қариялар, көнекөз ақсақалдармен әңгімелесіп, олардың естеліктерін жарияладық.  Биылғы жылы өңірлік комиссияның бес отырысы болып өтті. Жұмыс тобының 11 жиыны өткізілді. Сондай-ақ, біздің ғалымдарымыз Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы тарихи ақпараттарды зерделеп, 2500-ге жуық архив құжаттарын алып келді. Қазір оларды өңдеу үстіндеміз. Ізденіс жұмыстарының сан алуан бағытын қамтамасыз ету  нәтижесінде біраз жетістіктерге қол жеткіздік деп айта аламыз. Ресми деректерге қарағанда, 1920-1950 жылдары Ақмола облысында қуғын-сүргінге ұшырағандардың саны – 6090 адам, соның ішінде ақталмағаны 429 адам екен. Сонымен қатар, жұмыс өкілдері бұған дейін беймәлім болып келген Ақмола облысының Зеренді ауданының аумағында 4 сталиндік лагерьдің орнын анықтап, онда қанша адам отырды, қашан ашылды, қандай контингент болды, немен айналысты, міне, осындай үлкен ақпаратты жинадық. Біздің облысқа байланысты көптеген материалдар Ресейдің Омбы, Қорған, Челябі  және тағы басқа қалаларында бар. Алдағы уақытта осы қалаларға да іссапармен барып, ел тарихын зерделеуге ниет танытып отырмыз, – деді Аманбай Асылбайұлы жиында сөйлеген сөзінде.

Конференцияда университет ғалымдары сөз алып, тарихи  деректерге тоқталып, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселесіндегі тың жаңалықтарды ортаға салды. Олардың қатарында тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Алмагүл Күшпаева, Ш.Уәлиханов университетінің РhD докторанты Ғалымтай Төлепбергенов, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ақан Шәріпов, Ш.Уәлиханов университетінің РhD докторанты Талапкер Уәлиев және тағы басқалар бар. Зерттеушілердің баяндамасын қысқаша шолып өтсек. 

Дегенмен, Украинадан кейін осы мәселеге ел Президенті Қ.Тоқаевтың қайта оралып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау міндетін алға қойып, оған тиісті жағдайлардың жасалуы біздің рухани-мәдени, қала берді саяси өміріміздегі ірі оқиға болып отыр.

 

Дін өкілдерін бас  еркінен айырды

 

Ш.Уәлиханов университетінің РhD докторанты Ғалымтай Төлепбергеновтың дін, діни адамдардың жазықсыз жазалануы жайлы  баяндамасынан үзінді:

– 1928 жылдың 28 тамызында шығарылған бай-кулактардың шаруашылығын тәркілеу туралы арнайы қаулыға байланысты жағдай онан әрі ушығып кетті. Тәркіленіп жатқан тұлғаның дін мен діни тұлғаларға қатынасы болса, ол дәл сол кезде мал-мүліктің иесі болмаса да бай-кулак табына шығарудың бірден-бір негіздемесі деп есептелінді. Ұжымдастыру шараларына наразылық білдіру ықтималдығы зор әлеуметтік топ өкілдері, ол діндарлар болатын. Сол себепті де Совет режимі діндар адамдарды өзінің идеялық қарсыласы деп санағандықтан, ел арасындағы беделін шектеуге мүдделі еді.

1929 жылдың басында Кеңес үкіметі билігіндегі әрбір елді мекеннің басшылығына «Дінге қарсы күресті күшейту шаралары туралы» құпия хат жіберілді. Бұл хатта дінге қарсы күрес тап күресіне теңестіріліп, оған зор саяси мін берілді. Қаулысы шықты. Бұл құжат бойынша дін өкілдерінің құқы шектеліп, қасиетті орындарға сапар шегіп, тәу етуге, тіпті қайырымдылық көмек көрсетуге дейін тыйым салынды. Аурулар мен өлім халінде жатқан адамдардың үйіне баруға жергілікті кеңестің арнайы рұқсаты керек болды. 1929 жылы 1 қазанда шыққан ХКК ІІБ қағидасы бойынша дін өкілдері бас еркінен айырылғандар қатарына жатқызылған.

Ақмола облысы бойынша репрессияланған дәстүрлі дін өкілдерін ақтау жөніндегі комиссияның жұмыс тобы Ақмола облыстық архиві, Алматыдағы Орталық мемлекеттік архив пен ҚР Президенті архивіндегі жұмыс барысында діни мотивтерге байланысты қуғын-сүргін мен қудалау, жазалау шараларының қандай көлем және терең ауқымда жүргізілгеніне көз жеткізіп отыр. Дәл осы уақыт ішінде Ақмола облысы бойынша мешіттердің дені 1920-1926 жылдар аралығында түгел жабылды. 1944 жылы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде дінге қатысты біршама жеңілдік режимі енгізілген уақытта Ақмола облысы мен қаласында бірде-бір мешіт қалмаған еді. Осы жұмыстарды жүргізу үшін советтік режим  1925 жылы қолдан ұйымдастырылған «Құдайсыздардың ерікті одағы» тәрізді ұйымдарды пайдаланды. Ол ұйым Одақтық көлемде құрылып, оның филиалдары барлық республикалар мен жергілікті жерлерде ұйымдастырылып жұмыс жасады. Архивте осы ұйымның атынан 1937 жылы Каз Крайком хатшысы Л.Мирзоянның атына жазылған келесі анықтама хат сақталған. Онда: «Діншілдермен жұмыс жүргізу мақсатында үш айлық арнайы курстар ашылды, осы уақытқа дейін екі топ, барлығы 180 адам осындай курс  дайындығынан өткізілді. Қазақ тілінде дінге қарсы атеистік әдебиет жетіспейді», – деп, нақты атап көрсетіледі.

Шіркеу мен мешіттерді жабу ісін ұйымдастыруда да осы ұйым мен комсомол-жастар белсенді рөл атқарды. Халықтың әл-ауқатымен бірге, оның ғасырлар бойы бірге жасасып келе жатқан рухани мәдениетінің күйретілуіне халық жай ғана мойынсұнып отырмады. Ол жағдайға қарсы наразылықтар мен түрлі толқулар болып тұрған. Сондай халық наразылығының бір ғана мысалы, ол Ақмола облысының Сандықтау ауданы аумағындағы №5 Қызыл әскер ауылы тұрғындары 1931 жылы мәдени мұқтаждық үшін тартып алынған мешітті қайтарып беруді талап етіп, наразылық танытады. 

Сол кезде бір ғана Көкшетау уезі бойынша  арнайы тізімге 149 имам енгізілген. Олардың қаншасы атылғаны, қаншасы айдауға жіберілгені әлі белгісіз күйінде қалып отыр.

Осы жылдары колхоздастыру  жедел  өсті. Ақмола аймағында 1928 жылы 151 колхоз болса, 1929 жылдың 20 желтоқсанында 456,  1930 жылдың 4 ақпанында олардың саны 630-ға жеткен. Иә, «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын да, қалмасын» ұраны қазақ жерін жаппай жалмады. Оның кері әсері бүгінде арылған жоқ. 

Осы күнге дейін зұлмат, саяси қуғынсүргін құрбандарын ақтау  советтік кезеңде басталып, алдымен коммунист-қайраткерлер, қызыл үкіметке жан-тәнімен қызмет еткен ақын-жазушылар ақталды. Ал ұлтшыл бай-кулак-феодал, діншіл-фанатик деп айып-айдар тағылған, жазықсыз атылып, айдалып кеткен қалың жұртшылықтың ақталу мәселесі үздік-создық жүргізіліп, бүгінгі күнге дейін толық зерттеліп, шешімін тапқан жоқ деп қорытындылады ғалымдар. Ендігі кезекте осы шешімін таппаған ақтаңдақ мәселелерді мемлекеттік деңгейде біріктіріп зерттеп, зерделеп нақты шешім шығаратын уақыт әлдеқашан болған сияқты. Украина және Балтық жағалауы елдері зұлматты жылдардың зұлым оқиғасын зерттеп, әлдеқашан бағасын беріп, мәселені біржақты етіп қойғаны баяндамашылардың айтуынан белгілі болды. 

                               

Дахан Шөкшир
09.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 136
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 17
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 80
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 69
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 53
 МАҚТААРАЛДА ЖЫЛЫНА 80 МЫҢ ТОННА МАҚТА ТАЛШЫҒЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 17
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 468
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 436
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 460
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 452
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 450
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 467
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 457
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 650

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9692
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9071
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12305
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10076
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11285