Жұмыспен қамтуда жоспар керек

Жұмыспен қамтуда жоспар керек

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда халықтың табысын арттыру және инвестиция тарту жөнінде жиын өткізді. Онда бүгінде жүзеге асқан жұмыстар мен биылғы жоспар жөнінде облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек баяндады.

«Ауыл аманаты» жобасына қатысуға 26 ауылдық округтің 72,8 мың тұрғынынан 24 миллиард теңгеге өтініш келіп түскен. Жыл басынан бері 10 ауылдық округтің 722 тұрғыны 28 090 бас мал сатып алған (67,7 пайызы біздің облыстан, 32,3 пайызы өзге өңірлерден). Жиында ірі қара малды қолдан ұрықтандыру технологиясын ендіру нәтижелері де талқыланды. Биылға 5 886 бас ірі қараны қолдан ұрықтандыру жоспарланған.

Баяндамашы сонымен қатар, Шу ауданындағы Жаңақоғам ауылы мен Мойынқұм ауданындағы Кеңес ауылдық округінде жобаны іске асырудағы аралық қорытындының талдау нәтижесін ұсынды. Облыс әкімі анықталған кемшіліктерді түзетуді тапсырды. Нұржан Нұржігітов аудан әкімдеріне «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруда дербес жауапкершіліктерді ескертті.

– Аудан, ауылдық округ әкімдерінің, басқарма басшыларының нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытуда нақты жоспарлары болуы тиіс. Ол үшін барлық округтер туралы деректерді қамтитын статистика мен талдауларды қадағалау қажет, – деп тапсырды өңір басшысы.

Күн тәртібінің екінші мәселесіне тоқталған Қанатбек Мәдібек межеленген жоспардан артта қалып келе жатқан аудандарға назар аудартты. Биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша өңірдің экономикасына 89,1 миллиард теңге инвестиция тартылған, нақты көлем индексі 107,4 пайызды құрады.

Облыс әкімі аудандардың әлеуетін пайдалана отырып, қосымша инвестициялар тартуды және туындайтын проблемаларды уақтылы шешуді тапсырды.

 

«Aq jol»-Aqparat.
17.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 24
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 151
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 188
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 184
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 151
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 298
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 296
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 516
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 469

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9170
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8568
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11796
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9564
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10776