ЖҰМЫСТАР ҮЗДІКСІЗ АТҚАРЫЛЫП ЖАТЫР

ЖҰМЫСТАР ҮЗДІКСІЗ АТҚАРЫЛЫП ЖАТЫР

 

🔹Мәселесіз ауыл жоқ. Қай елді мекенге бармаңыз, өзіне жараса проблемалары бар.

 

 🔹Міне, сол проблемаларды халықпен диалог орнату арқылы шешкісі келген Талас  ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков тұрғындармен кездесу өткізуде. 

 

🔹Кезекті жиын Ақкөл, Тамды, Көктал ауылдарында жалғасты.

 

🔹Аталған ауылдарда тұрғындарымен жүздесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

 

🔹Өз кезегінде ауылдың тұрғындары аудан әкіміне көкейде жүрген сауалдарын жеткізді.

 

🔹Соның ішінде білім саласына қатысты да мәселелер ортаға салынды.

 

🔹Елімізде қазіргі уақытта білім са­ласын дамыту бірінші кезекке қойылды. 

 

🔹Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та білім саласына жаңа көзқарас, жаңаша бағыт беріп, оқыту мазмұнын өзгерту, жаңарту уақыты келгендігін әрдайым айтып жүр. 

 

🔹Сол талап үдесінен шығуға аудандағы әр білім ошақтарының дайын бо­луы керек. Осы мақсатта жұмыстар үздіксіз атқарылып жатыр.

 

🔹Басшылық білім саласын дамытуға ерекше көңіл бөліп, білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелер дер кезінде шешімін табуда. 

 

🔹Білім саласын өркендету мақсатында Талас ауданының білім саласындағы кейбір мәселелерге көп көңіл бөлінуде. 

 

🔹Міне, осындай көңіл бөлу бүгінгі аудан әкімінің ауылдықтармен кездесуінде де айқын көрініс тапты.

 

🔹Атап айтар болсақ: Ақкөл ауылында Ақкөл орта мектебінің  күрделі жөндеуден өтуіне ықпал етуді сұраса, Тамды ауылында Қ.Қойгелді орта мектебі спорт залының сүріліп қайта жаңа спорт зал салу мәселелерін көтерді.

 

🔹Аудан басшысы кездесулерде көтерілген сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында кезең-кезеңімен шешімін табатынын және әр сауал жеке бақылауында болатынын жеткізді.

 

🔹Алдағы уақытта біз де осы айтылған сұраныстар бойынша жұмысты барынша атқаратын боламыз.

Мақсат Қазанғапов, Талас аудандық білім бөлімінің басшысы
21.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14326
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14257
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29399
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28034
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31565