ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың нәтижелері бойынша Астана қаласынан қатысып жатқан белгілі журналист Бибігүл Жексенбай 62,1 пайыз дауыс жинады. Бұл өз кезегінде жақсы көрсеткіш саналады.
Бибігүл Нұрғалиқызы Астанада құрылған Бас редакторлар клубының жетекшісі, Ұлттық құрылтайдың мүшесі. Ол танымал журналист ретінде жұрттың алқауына бөленіп жүрген мықты маман.
Бибігүл Нұрғалиқызы «Хабар», «Астана» телеарнасы қатарлы мекемелерде жетекші қызметтерде болды. Сондай-ақ Бас редакторлар клубынынң президенті болып қызмет атқарып келе жатыр.
Бибігүл Нұрғалиқызы таяуда «baq.kz»- тілшісіне берген бір сұхбатында «Маған журналист ретінде де көп адамдар хабарласып жатады. Ұлттық құрылтайда болғандықтан да ұсыныс-пікірлер көп. Сондықтан халықтың көтерген өзекті мәселелерін заң жүзінде қамтып, жергілікті әкімдік және мәслихатпен бірлесе шешуге талпынамын»,- депті.
Әрине, Елордамыздың гүлденіп көркеюі, халықытң әлеуметтік-экономикалық ахуалы әрбір астаналықтар үшін аса маңызды сала болып табылары даусыз. Халықпен етене араласып жүретін жуарнлист ретінде халықтың жоғын жоқтайтын, ауылдың жәй-күйін, қазақтың қамын жан жүрегімен түсінетін азаматтардың еліміздің заң шығарушы органдарында көп болғаны барлығымызға тиімді болмақ.
Біз өз тарапымыздан әріптесіміз Бибігүл Нұрғалиқызын жаңа мандатқа ие болуымен шын жүректен құттықатймыз! Сонымен қоса еліміздің БАҚ-саласының кемелдене түсуі, қазақ тілді аудиторияның кеңеюі, қазақ дәстүрлі басылымдарының қазіргі таңдағы қиыншылықтары мен журналистердің қоғамдағы орны және мәртебесі туралы мәселелерді де назардан тыс қалтырмайды деп сенеміз!