Ж.Үшкемпіров есімін ұлықтаған турнир

Ж.Үшкемпіров есімін ұлықтаған турнир

Өткен аптада елордада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы халықаралық турнир болып өтті. Турнирдің ашылуына ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев, Қазақстан әйелдер, грек-рим және еркін күрес федерациясының президенті, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыханов, Жақсылық Үшкемпіровтің өмірдегі ағасы Сәт Тоқпақбаев қатысып, сөз сөйледі.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев жарыс қатысушыларына сәттілік тілей отырып, алдағы уақытта да осындай турнирлер жиі өтетіндігін айтты.

«Баршаңызды Олимпиада жеңімпазы, Қазақстанның еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған Халықаралық турнирдің ашылуымен құттықтаймын. Даңқты спортшы жаһан жұртына елімізді танытып қана қоймай, талай қайырымды істерімен есте қалды. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, туып-өскен ауыл-аймағын көркейтуге атсалысты. Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров жастардың спортқа бет бұруына көп ықпал етті. Түрлі халықаралық жарыстарды ұйымдастырып, өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстанып, олардың ірі додаларда топ жаруы үшін де аянбай еңбек етті. Біртуар азаматтың жүрген жолы, атқарған ісі көпке үлгі. Халқымыздың біртуар перзентінің есімін ұлықтап, еңбегін бағалау жолында бүгінгідей іс-шараның маңызы зор екендігін айтқым келеді. Алдағы уақытта да дүбірлі дода өз жалғасын табатын болады. Байрақты бәсекеге қатысушыларға сәттілік тілеймін!» – деді Ерлан Бекмурзаев.

Сонымен қатар, ашылу салтанатында Жақсылық Үшкемпіровті бір минут үнсіздікпен еске алды. Еліміздің әр өңірінен келген балуандармен қатар Қырғызстан, Өзбекстан Тәжікстан, Әзірбайжан және Израильдің үздік 164 спортшысы өзара 10 салмақта сынға түсті.

Алғашқы күнгі белдесуден кейін финалға шыққан балуандар: 55 кг: Арсен Жұма (Қазақстан) – Айбек Айтбеков (Қазақстан); 63 кг: Жанторо Мирзалиев (Қырғыз Республикасы) – Дамир Ибрашев (Қазақстан); 72 кг: Руслан Нуруллаев (Әзірбайжан) – Нұрдәулет Тұрсын (Қазақстан); 82 кг: Ислам Евлоев (Қазақстан) – Исмаил Рзаев (Әзірбайжан); 97 кг: Нұртас Қыдырбаев (Қазақстан) – Бахрам Курбанов (Қырғыз Республикасы). Осы салмақта барлық жүлдегерлер анықталды.

Астана төрінде 3-ші рет ұйымдастырылып отырған халықаралық турнир мамырдың 18-і күні мәреге жетті. 

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
29.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 57
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 582
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 697
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 611
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 620

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8756
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8156
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11385
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9139
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10370