Жүзеге асатын жобалар көп

Жүзеге асатын жобалар көп
 
 6

Мемлекеттік қаржыны қаншалықты дұрыс жұмылдыру және оны тиімді бөлу мемлекеттің қаржы саясатының негізгі міндеті. Қаржы саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі бөлігі болып табылады. Қаржы саясаты — бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бойынша міндеттерді шешуге арналған мемлекеттің қаржыны пайдалану қызметі.

Сарысу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі жергілікті бюджеттің атқарылу есебі және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Сонымен қатар аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес, бірыңғай мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы болып табылады.

Мұндағы мақсат – мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру, адал бәсекелестік, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы.

Ағымдағы жылдың басынан қаржы бөлімінің тарапынан 492 миллион теңгені құрайтын 34 мемлекеттік сатып алу конкурстары ұйымдастырылды. Мемлекеттік сатып алу қорытындысымен 56 миллион теңге үнемделді.

Осы жылдың 1 желтоқсанына дейін аудан бойынша кіріс бөлігінің жоспары 15,2 миллиард теңге болса, нақты түскені 15,4 миллиард теңге, орындалу көрсеткіші 101,6 пайызды құрады немесе бюджетке 241,8 миллион теңге артық түсім жасалды. Оның ішінде:

Бюджетке түсетін салықтық түсімдер 105, 6 пайызға орындалды, яғни болжамнан 114 миллион теңгеге артық түсім жасалынды.

Салықтық емес түсімдер 158 пайызға қамтамасыз етіліп, бюджетке 23,3 миллион теңге артығымен түсті.

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер жоспардағы 23,4 миллион теңгенің орнына 35 миллион теңге түсім жасалып, жоспар 149,2 пайызға орындалды.

Өткен жылмен салыстырғанда бюджеттің кіріс бөлігі 105,8 пайызға, яғни 123 миллион теңгеге өсім қалыптасты.

Бюджеттің шығыс бөлігінің есепті кезеңге жоспары 15,7 миллиард теңге, кассалық шығындар 15,5 миллиард теңге немесе 98,7 пайызды құрады. Бюджеттің шығыс бөлігіне мониторинг жүргізіліп, объективті және субъективті себептері анықталды. Мемлекеттік сатып алу қорытындыларына сәйкес, үнемделген қаржыларды жоспардан қысқарту бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне ұсыныстар беріліп, аудандық мәслихаттың шешімімен бюджетті нақтылау барысында кемітілді. Жыл қорытындысымен бюджеттің шығыс бөлігі толық қамтамасыз етілуі күтілуде.

Төртінші деңгейлі бюджетке тоқталсақ, Сарысу ауданы 1 қала және 9 ауылдық округтен тұрады. Салықтық түсімдердің 7 түрі, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және шығындардың 8 бағдарламасы ауыл бюджетіне берілді.

Нақтылай айтқанда, салық және салықтық емес төлемдер, яғни табыс көзінен алынбайтын жеке табыс салығы, мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдарына салық, бірыңғай жер салығы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынатын төлемақы, сондай-ақ ауыл әкімдері салатын айыппұлдар, коммуналдық нысандарды сатудан түскен кірістер және аудандық бюджеттен берілетін трансферттер.

2022 жылы 1 желтоқсанға бюджеттің IV деңгейіндегі салықтық түсімдер жоспары 122,4 пайызға немесе 20,7 миллион теңгеге артық орындалды. Салықтық емес түсімдер жоспары 390 мың теңге болса, түскені 970,5 мың теңге немесе 580,5 мың теңгеге артық орындалды. Жер учаскесін сатудан түскен түсім көлемі 587,3 мың теңгені құрады.

2021 жылғы есепті кезеңмен  салыстырғанда IV деңгейіндегі бюджетке 18,7 миллион теңге артығымен қамтамасыз етілді, өсім 119,6 пайыз. Атап айтқанда, Жаңатас қаласы әкімі аппараты былтырғы жылмен салыстырмалы түрде 119,6 пайызға өсімді қамтамасыз етіп, бюджет 12,8 миллион теңгеге артық орындалды. Қамқалы ауылдық округі 273,6 пайызға, Байқадам ауылдық округі– 103,7, Түркістан ауылдық округі – 167,7, Жаңарық ауылдық округі – 139,1, Тоғызкент ауылдық округі – 131,1, Игілік ауылдық округі – 132,6, Досбол ауылдық округі – 193,2 пайызға қамтамасыз етілді.

Даму бағдарламаларына ағымдағы жылы 2,5 миллиард теңге қарастырылды. Атап айтқанда, ауданда қуаты жылына 400 мың тонна кальцийленген сода өндіру зауытының шекарасына дейін Ақкөл көлінен су тартқышты салуға (бірінші кезек) 2,2 миллиард теңге бөлініп, 2 миллиард теңгесі игерілді.

Жаңатас қаласындағы цемент зауытын электрмен жабдықтау үшін 35/6 кВ ҚС бар ӘЖ-35 кВ салуға 71,6 миллион теңге қарастырылып, оның 69,6 миллион теңгесі игерілді. Сондай-ақ Жаңатас қаласының 4-ші және 5-ші шағынаудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі және электрмен жабдықтауға 212 миллион теңге бөлініп, 192 миллион теңгесі игерілді.

Сонымен қатар бірнеше бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы қаралған. Атап айтар болсақ, Арыстанды ауылынан 90 орындық клуб құрылысының жобалық-сметалық құжатын әзірлеуге 4,2 миллион теңге, Саудакент ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғыртудың жобалық- сметалық құжаттамасын әзірлеуге 15 миллион теңге, Шағалалы, Үшбас, Ақтоғай ауылының ауыз су жүйесі құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын мемлекеттік сараптамадан өткізуге 2,6 миллион теңге, Тоғызкент ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасын сараптамасымен бірге әзірлеуге 10 миллион теңге, Жаңатас қаласындағы Жаңатас Су-Жылу кәсіпорнының орталық қазандығын табиғи газға ауыстырып, қайта жаңғырту жобалық-сметалық құжаттамасын сараптамадан өткізуге 2 миллион теңге, Жаңатастағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын электрмен жабдықтауға жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 3,1 миллион теңге қарастырылған. Жыл соңына дейін аталған жобалардың құжаттары толығымен аяқталып, тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне өтінім берілетін болады.

 

Ерлан ИМАШЕВ, аудандық қаржы бөлімінің басшысы. Сарысу ауданы
16.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 249
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 383
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 380
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 611
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 553

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9256
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8652
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11879
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9650
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10861