ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 23 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 23 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ
Қазіргі кезде пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, оны мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары алдымызда тұрған үлкен міндеттердің бірегейі екені сөзсіз. Әсіресе, өткен жылдан бері ауыл маңынан 5 шақырымдық радиуста орналасқан жерлерді қайтаруға басымдық берілуде. Бұл өз кезегінде елді мекендерде үлкен мәселе болып отырған жайылымға қатысты түйткілді шешуге сеп болады.
Аудандық аппараттық кеңесте дәл осы мәселеге байланысты атқарылған жұмыс пен алдағы жоспарды егжей-тегжейлі талқыладық. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін 23 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 5223 гектары егістік жер болса, қалған 18 мыңы жайылымдық жер екенін айта кету керек. Одан бөлек, игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 49 мың гектар жер анықталып, оны қайтару бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Бұдан бөлек, кеңес барысында Қорағаты ауылдық округінде атқарылған жұмыстардың барысы да талқыланды. Сондай-ақ округке қарасты елді мекендерде орын алған кемшіліктер бойынша ауыл әкіміне сын-ескертпелер айтылып, олқылықтардың орнын толтыру бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.
Сонымен қатар, жеке тұрғын үй құрылысын дамыту мәселесі де жан-жақты сараланды. 2006 жылдан бүгінгі күнге дейін Шу қаласы, Төле би және Алға ауылдық округі бойынша жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін 11 392 азаматтың өтініші тіркелген. Ал өткен жылдан бері Шу қаласының «Оңтүстік батыс» тұрғын аумағындағы 258 гектар аумақтан 1449 азаматқа тұрғын үй құрылысын жүргізуге жер учаскелері берілсе, аудан орталығынан 835 азаматқа 147 га жер, Алға ауылындағы 25 гектар алқаптан 200 азаматқа жер учаскелері берілуде. Айта кету керек, берілген жер телімдерінің инфрақұрылымдық жұмыстары толық жасалған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Сонымен бірге, кезекте тұрған азаматтардың тізіміне талдау жүргізіліп, нәтижесінде, жүзге жуық азаматтың басқа жері бар екендігі де анықталған. Оған қоса, кейінгі 10 жылда уақытша пайдалану құқығымен берілген 263 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылмаған, яғни уақытша жер пайдалану мерзімі аяқталған. Бұл бойынша да ауыл әкімдері мен тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктелді.
Бақытжан Жәнібеков Шу ауданының әкімі
06.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 88
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 91
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 200
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 204
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 418
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 381
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 1000

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9075
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8473
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11699
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9462
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10680