Жыр-терме үйірмесі ашылды

Жыр-терме үйірмесі ашылды

Жуырда Қызылорда облысы Арал аудандық мәдениет орталығында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Халық алғысы», «Еңбек даңқы» медальдарының иегері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Арал ауданының құрметті азаматы, белгілі күйші-композитор, ақын Мұрат Сыдықов атындағы жыр-терме үйірмесі ашылды. Үйірменің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары К.Бержанов қатысып, бастау алған игі шараның мән-маңызына тоқталып, ұлттық өнеріміздің асқақтай беруіне тілектестігін білдірді. Шара барысында күйші-композитор Мұрат Сыдықыв жыр-терме үйренуге ниетті үйірмеге қабылданған жас өрендерге арнап батасын берді. Осылайша жаңа үйірменің лентасы қиылып, үйірмеге қабылданған жастарға киелі домбыра аспабын шертіп, киелі өнердің шертудің қыр-сырын үйрету жұмыстары басталды.

Біз Мұрат ағамыз жайлы материал беріп, бұл кісінің атында үйірме немесе мектеп ашса дұрыс болар еді деген ұсыныс айтқан едік. Мектеп те ашылар. Ал мына жыр-терме үйірмесі құтты болсын!

 

ЖАНДАУЛЕТ ДИГАРБЕКОВ
10.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 349
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 494
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 338
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 198

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18251
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18111
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33301
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31852
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35568