«240 сағат ауылда» жобасы жалғасын тапты

«240 сағат ауылда» жобасы жалғасын тапты

Қазіргі күнде жастарды ауыл тіршілігімен таныстырып, еңбекқорлыққа баулудың маңызы зор. Сол мақсатта осыдан бес жыл бұрын (2019 ж.)  «240 сағат ауылда» жобасы пилоттық негізде қолға алынған еді. Ол кездегі жас толқын Көкентау ауылында болып қайтқан еді. 

Жаңадан құрылған Абай облысында осы бастама облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында «Шығыс Жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жақында жалғасын тапты. Жобаға қызығушылық білдіріп, қатысуға талаптанған 6 бозбала, 4 бойжеткен Үржар ауданы, Таскескен ауылына жол тартты. 

– «240 сағат ауылда» жобасы аясында қалада туып-өскен жастар ауылдың тыныс-тіршілігімен таныс болып, ұйымдастырушылар тарапынан берілген бірқатар тапсырмаларды орындайды. Мәселен, ер балалар бау-бақшаны баптауға, шөп шабуға, мал бағуға, қой союға, су тасуға атсалысып, жүктелген тапсырмаларды орындаса, қыз балалар самаурын қайнату, дастарқан жаю, сиыр сауу, май шайқау, кілегей тарту, салат жасау сынды тапсырмаларды орындап, болашағына қажетті істерді үйренеді.

Жоба қатысушыларының қауіпсіздігі, тамақтану мен жол шығындары және жатын орындары ұйымдастырушылар тарапынан өтеледі. Бұл жоба осыдан бірнеше жыл бұрын пилоттық негізде Көкентау ауылында ұйымдастырылған болатын, – дейді «Шығыс жастары» қоғамдық қорының басшысы Алиби Абдурайымов. 

Сонымен «240 сағат ауылда» жобасының қатысушылары он күн шамасында Таскескен ауылының тыныс-тіршілігімен танысып, өздеріне жүктелген тапсырмаларын орындап қайтады. Бұл жоба ауылдық жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету және ауыл тұрғындарының өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн. Сол тұрғыда қарт адамдарға қол ұшын беру, үй-жайын тазалап, басқа да күнделікті жұмыстарына атсалысатын болады.

Таскескен ауылында қарбыз өсіру де жақсы жолға қойылған. Аталған жобаға қатысушы жастар жергілікті бағбандармен кездесіп, қарбыз өсірудің ерекшеліктерімен, оның ішінде топырақты дұрыс дайындау, суару, тыңайту сияқты маңызды технологияларынан кеңінен мағлұмат алғаны қуантады. Жалпы, бұл тәжірибе оларға ауылшаруашылығының мән-маңызын, ауыл халқының еңбегінің құндылығын түсінуге кеңінен жол ашатыны белгілі.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы
28.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 195
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 189
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 698
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 821
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 734

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8889
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8284
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11512
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9268
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10496